Өлең, жыр, ақындар

Ерке қыз

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3332
Қылығың керемет сиқырлы,
Пейіштен келдің бе?
Хор қызы секілді сүйкімді,
Сұлусың сен мүлде.
Төрт бөлдім тып-тыныш ұйқымды,
Өзіңді көрдім де.
Сыйла да сыңғырлы күлкіңді,
Мәңгілік бол бірге.
Қайырмасы:
Көріндің айдай боп көзіме,
Ерке қыз, ерке қыз.
Алмадық кезінде кезіге
Қалайша, ерте біз?
Әдемі ән арнап өзіңе,
Ғажап күй шертеміз
Тыңдашы жан сырын сезіне,
Ерке қыз, ерке қыз.
Көктемнің құлпырған гүлісің,
Алқызыл алаулы.
Танытар паңдана тұрысың
Тәкаббар қарауды.
Өзің деп өртеген тынысын
Жүрегім жалаулы.
Жаралған жан едің кім үшін,
Ерке қыз қалаулы?
Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көпірде

  • 0
  • 0

Дәл көпірдің үстінде
Бала аюлар жолықты.
Бұрын өтер күш кімде?
Сынамақшы болыпты.

Толық

Біреулердің қайғысын

  • 0
  • 0

Біреулердің қайғысын
Ұғынбайды біреулер.
Ашпайды бар жайды шын
Көңілдері жүдеулер.

Толық

Биігінен майырлып

  • 0
  • 0

Биігінен майырлып,
Құздар кетіп барады.
Оралмасқа қайырлып,
Ызғар кетіп барады.

Толық

Қарап көріңіз