Өлең, жыр, ақындар

Орыссыз орыс мектебі

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1817
Естімеген елде көп,
Есек мінген пенде көп, –
Деген сөзді естігелі,
Етек жиып, ес білгелі,
Талай жерді шолдым,
Талай елді көрдім.
Әкесін сабағаннан,
Итше талағаннан
Ең сорақысын енді көрдім.
Өз көзіме сенбедім,
Бұл сөзіме сен менің.
Бес жүз үйлі ауылдың,
Кәдімгідей қауымның
Ішінде бір орыс жоқ,
Не бөтендей қоныс жоқ.
Бірақ та, бір ғажабы –
Сол елдің бар қазағы
Орыс мектеп ашыпты,
Сонша неден сасыпты?
Мың екі жүз баланың
Бірі орыс болар ма?
Беріп жүрген сабағын
Ұстаздарға қарағын –
Кіл қазақтар олар да.
Сонда не ұтты?
Не бітті?
* * *
Түсірмейді сөз құнын
Елім деген есі бар.
Өзекке ұрып өз тілін,
Өзге тілде несі бар?
Орыстарға орысша
Үйретеміз дей ме екен?
Әлде, бастап зор істі,
Керемет бір келісті
Күй кешеміз дей ме екен?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеш жарық

  • 0
  • 2

Кел, балақай, кеш жарық,
Қалып жүрме кеш қалып.
Кеш жарықты бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Толық

Күріш пен күрмек

  • 0
  • 0

Жайқалып күріш тұрды,
Береке, ырыс тұрды.
Қасында Күрмек тұрды,
Күрішті күндеп тұрды:

Толық

Жаңа қар

  • 0
  • 0

Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Қаптады жерді.
Жығылып, тұрып,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар