Өлең, жыр, ақындар

Күріш пен күрмек

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4437
Жайқалып күріш тұрды,
Береке, ырыс тұрды.
Қасында Күрмек тұрды,
Күрішті күндеп тұрды:
«Күрішті ел құрметтейді,
Мені тек Күрмек дейді.
Бірге өсіп, бір тұрамыз,
Қатарлас құлпырамыз.
Артық па Күріш менен?
Осы да дұрыс па екен?»
Күріштің арқасында,
Қауқиып қалқасында,
Су ішіп өсетінін,
Бекерге бөсетінін
Күрмектер біле ме екен?
Білсе, өстіп күле ме екен?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасай бер, ана

  • 0
  • 0

Айналайын аяулы асыл ана,
Ақ шағала күмістей шашың, ана.
Самғай ұшып кетсем де қияндарға,
Саған деген сағыныш басыла ма?

Толық

Қарасазда қара өлең

  • 0
  • 0

Қазақтың шын маздаған данасы аз ба?
Қазақтың жыр жазбаған баласы аз ба?
Абайдай асылдан соң – ғасырдан соң
Қара өлең туын тікті Қарасазда.

Толық

Ерен ұл Нұрсұлтандай асқаралы

  • 0
  • 1

Ерен ұл Нұрсұлтандай асқаралы
Егемен елімізді басқарады.
Қарттары риза болып Елбасына,
Айрықша асқақтайды жастар әні.

Толық

Қарап көріңіз