Өлең, жыр, ақындар

Мен қалай мысалшы болдым?

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 675
Менің мысалшылығым
Он жасымнан басталған.
Қошеметтік қылығын
Көп көргенмін достардан.
Өйткені, мен бәрінен
Нәзік өстім әлі кем.
Осы болса несібе,
Өкпелейін несіне?
Көрінгенге ұрынып,
Жүретұғын жұлынып,
Балаларды құнығып,
Мысқылдадым өшіге...
Кезімде де ұлғайған
Тоқтаған жоқ бұл майдан:
Жалақор мен жағымпаз,
Парақор мен алымпаз,
Қасқыр сынды қорқаулар,
Жалқаулар мен аңқаулар –
Дауым болды бітпеген,
Жауым болды діттеген.
Жаза бердім сықақтап,
Осал тұстан діттеген.
Өткір тілді безедім,
Садағымды кезедім.
Жауларымның жанкешті
Екендігін сеземін.
Әрқайсысы бір тілдеп,
Қорқытады зіркілдеп.
Сөйткенімен, сұмдарды
Жеңіп келем біртіндеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көшені атау қиын ба?

  • 0
  • 0

Қазақстанда неше мың
Атын атап көшенің,
Қазақшаға келтіру,
Оңай емес көндіру.

Толық

Кеген

  • 0
  • 0

Жер жаннаты дегенге,
Сенбейін бе, сенем бе?
Тұңғыш рет жол түсіп,
Келіп едім Кегенге.

Толық

Құлыным

  • 0
  • 0

Жазда болдым жайлауда,
Уақыт жоқ ойнауға.
Көмектестім апама,
Көмектестім атама.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар