Өлең, жыр, ақындар

Кеген

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2133
1
Жер жаннаты дегенге,
Сенбейін бе, сенем бе?
Тұңғыш рет жол түсіп,
Келіп едім Кегенге.
Тамылжыған табиғат
Тіленіп тұр өлеңге.
Кереге тау төңірек,
Керіліп тұр көгенде.
Ашық аспан, алтын күн
Төңкерулі төбемде.
Ағып жатыр сылдырап
Тас бұлағы төменде.
Бозторғайы бұлдырап,
Күй ұқтырған кереңге.
Құлпыралы гүл құрақ,
Белес-белес белеңде.

2
Көз алдымда сол Кеген,
Тамашасы мол Кеген.
Жатыр жасыл жайлау боп,
Жерұйықты жер деген.
Қарттары бір мейірлі,
Көрмегені кем де кем.
Кемпірлері зейінді,
Оқалы тон зерлеген.
Келіндері пейілді,
Қымыз құйған кермеден.
Жігіттері жайдары,
Еңбегімен ерлеген.
Қыздары – гүл майдағы,
Күлкісімен емдеген.
Барын беріп қонаққа,
Дастарқанға кел деген.
Осы болар, ағайын,
Албан атты ел деген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адам анотомиясы

  • 0
  • 0

Бұл адамның денесі жақсылықтан жаралған,
Бәйшешектей бұралып, көкте күннен нәр алған.
Былайынша құрамы ет пен сүйек демесең,
Болатың да түк емес, беріктігін теңесең.

Толық

Тоған мен өзен

  • 0
  • 0

«Бұл не? – деді Тоған бірде Өзенге, –
Тоқтамайсың, ағасың,
Солай барлық кезеңде;
Сіңілім-ау, сен қашан тыным аласың?

Толық

Саудагүлдің саудасы

  • 0
  • 0

Біреулер кітап өтпейді дейді,
Біреулер кітап жетпейді дейді.
Өтпейді де емес,
Жетпейді де емес,

Толық

Қарап көріңіз