Өлең, жыр, ақындар

Кереғар құрбылар

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1108
Күнге күйіп қақтала,
Қой бағып жүр Ақбала.
Мода қуып сәнді бір,
Қалада жүр Сәндігүл.
Ақбаланың ойында –
Сан артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Сән артса екен бойында.
Ақбаланың ойында –
Қоң артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Қой сойылса тойында.
Ақбаланың ойында –
Жүн артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Шәлі ораса мойынға.
Ақбала ақтап үмітті,
Тапсырады түбітті.
Сәндігүл сол түбітті
Кім бергенін ұмытты.
Кофта киіп түбіттен,
Қыдырады жігітпен.
Міне, осылай құрбылар,
Кереғар боп жүр бұлар.
Бірі күн-түн мал баққан,
Бірі сылқым сән баққан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыз

  • 0
  • 0

Қараңғыны қақ жарып,
Ақса жұлдыз – ақ жарық,
Көзін тігіп аспанға,
Дейтін әжем тап сонда:

Толық

Өмір туралы ұғым

  • 0
  • 0

Бір-ақ өмір тышқанға,
Бір-ақ өмір мысыққа.
Бір-ақ өмір ұшқанға,
Бір-ақ өмір пысыққа.

Толық

Түйе мен түлкі

  • 0
  • 0

Бір жерде істейтін,
Өмірі ішпейтін
Шақырып Түйені,
Жақпақ боп күйені,

Толық

Қарап көріңіз