Өлең, жыр, ақындар

Жұлдыз

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1268
Қараңғыны қақ жарып,
Ақса жұлдыз – ақ жарық,
Көзін тігіп аспанға,
Дейтін әжем тап сонда:
– Әлдекімнің шырағын
Сөнді деп ұқ, шырағым.
Тас қараңғы тұңғиық,
Төбемізде тым биік
Ағып жатыр жұлдыздар,
Мүлгиді тек шың құздар.
Құшағымда бір қыз бар,
Сезілмейді түнгі ызғар.
Әжем айтқан ертегі
Көңіл күйін шертеді.
Қарамаймын аспанға,
Жерде де от бар жас жанға.
Жанды деп ұқ жұлдызым –
Құшағымда гүл-қызым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүректе Алматы

  • 0
  • 0

Керемет көркіңменен
Сұлулықтың бар екенін тез ұқтым.
Ғашықтық өртіменен
Өзіңменен бақ ішінде кезіктім.

Толық

Болайын деп жүр екем, толайын деп

  • 0
  • 0

Болайын деп жүр екем, толайын деп,
Өлең сөзге өзгеше орайым кеп.
Көрген жоқпын алайда еш пенденің
Жолын кесіп, алдынан орайып деп.

Толық

Сансыз жол алда – байтағың

  • 0
  • 0

Сансыз жол алда – байтағың,
Адасып қалма, байқағын.
Адамның танып сайқалын,
Нәпсінің қағып сайтанын,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар