Өлең, жыр, ақындар

Қатын сені күтпейді

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1289
Қатын сені күтпейді,
Ауыр міндет жүктейді.
Еркек болсаң ерекше,
Тілегімді ұқ дейді.
Артық ақша тап дейді,
Мені шындап бақ дейді.
Керек емес басқасы,
Сондай еркек шақ дейді.
Болса және жас қатын,
Өтпеу керек «босқа түн».
Керек емес ол үшін
Сенің арман-мақсатың.
Жарар болса анаға,
Қатын керек балаға.
Бірақ, бірақ, сол бала
Сені күтіп, баға ма?
Ер қадірін бағалар
Кешер мені аналар.
Соның үшін қатынсыз
Өткен небір даналар.
Солай еткен өткендер –
Көздері нақ жеткендер.
Сөзім үшін сөлекет
Мені қатты сөкпеңдер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мақтанышым – Шиелім

  • 0
  • 0

Алтын таңды туған жерім-ай,
Жарқын жанды думан елім-ай,
О-о-о, Шиелім!
Ер Мұстафа Шоқай,

Толық

Табынып таланттыға бас иетін

  • 0
  • 0

Табынып таланттыға бас иетін –
Әуелден бойға біткен қасиетім.
Іштарлық, арам пиғыл болған емес,
Жолына өзгелердің тас үйетін.

Толық

Ойыншықтар ойраны

  • 0
  • 0

Ерте, ерте, ертеде
Соғыс деген болмапты.
Барлық байтақ өлкеде
Бейбіт өмір орнапты.

Толық

Қарап көріңіз