Өлең, жыр, ақындар

Меңгеруші қоян

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1215
Таныстардың сыйлығымен,
Арыстанның бұйрығымен
Қоянға бақ қона қалды,
Меңгеруші бола қалды.
Шағын ғана бөлімшеде
Барлық билік берілсе де,
Қоян бірақ қорқақ еді,
Шаруаға шорқақ еді.
Ешкім оны тыңдамады,
Соншалықты қыңбағаны:
Ит өзінше жүріп кетті,
Иттік жасап, үріп кетті.
Түлкі өзінше жүріп кетті,
Қулық жасап, күліп кетті.
Аю баққа кіріп кетті,
Омартаны іліп кетті.
Бөрі отарға кіріп кетті,
Біраз койды қырып кетті.
Бәрі осылай жүріп жатты,
Қоян үнсіз бұғып жатты.
* * *
Ұқ мысалдың мәнісін:
Болса да мың танысың,
Қолдан келмес билікке
Қоян болып килікпе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолда тас жатыр

  • 0
  • 0

Енсе де жанарыңа сұрақ, күдік,
Өмір өтіп барады жылап, күліп...
Қызықсың-ау, адамдар,
Жолдарыңнан

Толық

Модалар

  • 0
  • 0

Бірі қаладан,
Бірі даладан
Екі жігіт
Театрда жүріп,

Толық

Қызық сүю

  • 0
  • 0

Жолаушылап бара жатып Қарсыбек,
Тоқтай қалды бір сұлуға қарсы кеп.
Келбетті қыз көрмеп еді бұл сынды,
Арманына жеткендей боп күрсінді:

Толық

Қарап көріңіз