Өлең, жыр, ақындар

Модалар

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 849
Бірі қаладан,
Бірі даладан
Екі жігіт
Театрда жүріп,
Таңданысты сырттай
Бір-біріне күліп.
Далалық сол шақ
Ойлады зер сап:
«Япырай, ана
Жігітті қара.
Тал бойы сыптай,
Сымпиған бұтты-ай!
Шіркіннің басы-ай,
Дудыраған шашы-ай!
Әлде, әйел ме?
Ұқсамайды-ау, әй, ерге.
Жасаған тоба,
Бұл қандай мода?
Бәтіңкесінің табаны
Жарты метр шамалы.
Кәстөмі шұбар,
Әсті, алаша шағар.
Мойнына таққан
Қарғыбауды қайдан тапқан?
Ауылға барса,
Күлер ек қанша», –
Деп тұрған кезде,
Өзі де ілінді сөзге:
Қалалық
Қарады бір аларып.
«Мына жігіт қайдан келген?
Шамасы айдан келген.
Бұтындағы шалбар ма?
Әлде, дамбал ма?
Жарты метр далақтай
Жарасымсыз балақты-ай!
Қоқиған тымақ
Ерсі тым-ақ.
Үстіндегі жейде
Қап секілді бейне».
* * *
Осылайша модалар
Бірін-бірі сынады.
Әркім өзі жобалар,
Кімге не ұнады?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен және сен

  • 0
  • 0

Мен сені көрген сәттен сүйіп едім,
Отыңа көбелек боп күйіп едім.
Сен маған аса ғажап ару болып,
Басымды біржолата иіп едім.

Толық

Үш тоты

  • 0
  • 0

Рая, Сәуле, Нұржамал,
Жүздеріңнен нұр жауар.
Өздеріңді көрген жан
Бір өртеніп, бір жанар.

Толық

Қазағымның даласы

  • 0
  • 0

Тәуелсіздік таңдары жарасқан
Қазағымның даласында.
Күмбездері көкпенен таласқан,
Қанат жайды, қаласы да.

Толық

Қарап көріңіз