Өлең, жыр, ақындар

Шортан

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 664
Сотқа берді Шортанды,
Күн көрсетпей, бүлдірді деп көлшікті.
Айыпты да мол таңды
Және-дағы жазалыға меншікті
Сулы ыдыспен алып келді сотқа оны.
Жақын маңда жайылып
Жүрген еді сот тобы,
Көрдік оны көне архивтен айырып:
Екі Есек тәуір-ақ,
Үш-төрт Ешкі және екі жауыр Ат.
Мұндай істің болмау үшін бүртігі,
Прокурор ғып белгілеген Түлкіні.
Естіп қалдық халықтан:
Шортан сонда Түлкіге ас тартқан кіл балықтан.
Сот бұрмасыз болғандықтан таза бір,
Дәлелденген айыппенен әр түрлі,
Ақталмастан Шортан сотқа тартылды,
Дұрысы сол: тиісті үкім айтылды,
Айыптыға бермек боп шын жазаны,
Талға асылсын деді үрей боп халыққа.
«Уа, достар, – деді Түлкі жаны ашып, –
Талға асу аз, құрту үшін қарасын,
Ауыр жаза айтайын тең тамұққа:
Шортан алда қауіпті болмау үшін тым аса,
Батырайық арыққа!» «Тамаша!» –
Бір ауыздан соттар солай жараса,
Лақтырды оны арыққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңді-өзің жекпесең

  • 0
  • 0

Өзіңді-өзің жекпесең,
Қиындықтан шеттесең,
Ілесе алмай көпке сен,
Қор боларсың текке сен.

Толық

Ән жүрегім – Астана

  • 0
  • 0

Аралап келемін кең даламды,
Аралап келемін ен даламды,
Бағалап келемін ер бабамды,
Жер қорғаны,

Толық

Көкбұлақтың қойнауы

  • 0
  • 0

Көкбұлақтың қойнауы
Жерұйықты жер екен.
Таусылмайтын тойлауы,
Тамашалы ел екен.

Толық

Қарап көріңіз