Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жыл есік ашты

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3403
Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып.
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып,
Арайлы алтын нұрлы Күн, Айды алып,
Әр үйге, әр жүрекке ұнай қалып,
Жаңа жыл есік ашты шырайланып.
Жаңа жыл есік ашты үміт болып,
Жайраңдап босағадан кіріп келіп.
Таңдары тамылжыған тынық болып,
Кезіккен кейбір кірбің ұмыт болып,
Жанары жалындаған жігіт болып,
Көл-көсір қуанышпен күліп келіп,
Жаңа жыл есік ашты үміт болып.
Жаңа жыл есік ашты салтанат боп,
Мереке, мол мейірім, мархабат боп.
Базына, базарлығын арқалап кеп,
Шуақты, шұғылалы шартарап боп;
Шалқыған шабытымен шалқалап кеп,
Әдемі әуелеген ән қанат боп,
Жаңа жыл есік ашты салтанат боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл айту

  • 0
  • 0

Бірге туған болғанмен,
Бірге жүрмек жоқ деген.
Адам қанша толғанмен,
Бар арманға жетпеген.

Толық

Балбұлақ

  • 0
  • 0

Балбұлақ
Таң бұлағы,
Ән бұлағы
Жырлайды.

Толық

Жаңа ай

  • 0
  • 0

Мамырдың түнінде
Барғанбыз баққа бір.
Нұр ойнап түріңде,
Құлпырдың шақта бұл.

Толық

Қарап көріңіз