Өлең, жыр, ақындар

Көрем сені

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1077
Көрем сені – тұрғандай елжіреп күн,
Жаның жайсаң, жандарға кең жүрексің.
Бірде мұңлы, бірде шат көңілдісің,
Ең бастысы – өзіңе сенімдісің.
Көрем сені – кейбір кез борандайсың,
Бірақ, маған қатыгез бола алмайсың.
Жанарыңда жарқын жаз жарығы бар,
Жарасымды жаныңды жаным ұғар.
Көрем сені момақан бір қалыпта,
Ашыласың кейбір кез нұрланып та.
Сол бір шақта шын батыл – шабыттысың,
Тек менімен, менімен бақыттысың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айға сапар

  • 0
  • 0

Інім тұрып бір күні:
– Берші, – деді, –
Айды алып.Тамаша еді бұл түні
Аспан ашық, ай жарық.

Толық

Ырым

  • 0
  • 0

Бұл әңгіме бұрын болған,
Бұрын болғанда – ұрын болған.
Ұл таппаған әйелдерге
Еркектер қырын болған.

Толық

Жапырақтар

  • 0
  • 0

Жапырақтар көктемде
Бейне бір шат балақан.
Қарап өткен-кеткенге,
Шапаттайды алақан.

Толық

Қарап көріңіз