Өлең, жыр, ақындар

Ырым

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 785
Бұл әңгіме бұрын болған,
Бұрын болғанда – ұрын болған.
Ұл таппаған әйелдерге
Еркектер қырын болған.
«Бедеулердің» жегені желім,
Ішкені ірің болған.
Отбасында береке жоқ,
Ырың мен жырың болған.
Ұл керек дегендерге
Не болса сол ырым болған.
Мәселен, біреулер қыз табады,
Біреулер ұл табады.
Ұл тапқанда қатарынан
Бірнеше жыл табады.
Ондай әйел күйеуінің
Киген ғой күнқағарын.
Оны киген келіншектер
Дейді екен ұл табады.
Тіпті, оның етігі түгіл,
Қат екен ұлтарағы...
Ондай еркек ерке болған,
«Қой бастаған серке» болған.
Тумаған әйелдердің
Үйлерін шерте қонған.
Қонақтан-қонаққа барып,
Өзі әбден бөрте болған,
Бөркі де төрде болған,
Қол жетпес жерде болған.
Жағасы жаялық та,
Көйлегі көрпе болған.
Етегін кесе-кесе,
Шапаны келте болған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талғампаз қалыңдық

  • 0
  • 0

Туған айдай толықсыды бойжеткен;
Күйеу жайлы ой кеткен.
Айыбы сол: менмен еді кесірлі,
Күйеу керек кәдімгідей ақылды,

Толық

Саққұлақ

  • 0
  • 0

Қашан көрсең Тыңбайды,
Көк шыбықты ат қып ап,
Үйінде бір тұрмайды,
Күні бойы шапқылап.

Толық

Өмірге менің өкпем жоқ

  • 0
  • 0

Өмірге менің өкпем жоқ –
Шуағын шашты көктем боп.
Қызғалдақ теріп қырлардан,
Талпына бердім бөктерлеп.

Толық

Қарап көріңіз