Өлең, жыр, ақындар

Армысың, ару Майым

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 848
Армысың, ару Майым – көктемдерім,
Құлпырып шешек атқан көк белдерім.
Күй болып күмбір қағып төккен лебің
Тәнімді тебірентіп өпкен менің.
Жалынын желпіндіріп от кеудемнің,
Құлшынып, құлаш ұрып көкке өрледім.
Өмірлік өлшеуішім, өткелдерім,
Армысың, ару Майым – көктемдерім!
Армысың, ару Майым – қызғалдағым,
Бал дәурен, базарлы күн, қызған бағым.
Барымды басқалардан қызғанбадым,
Жырымды жайқатылған қызға арнадым.
Жиырма бес – алау көктем, қызған жалын,
Жолында тау тұрса да бұзған бәрін.
Бойымнан қуған қыстың ызғарларын,
Армысың, ару Майым – қызғалдағым!
Армысың, ару Майым – ашқан гүлім,
Атылған ақ толқын боп дастан-жырым.
Айнала бай далаға шашқан нұрын
Ерекше мөлдірейді аспан бүгін.
Еркіндеп ғарышқа адым басқандығым,
Емес бұл артық айтып асқандығым.
Еңбектің ен тарауы басталды мың,
Армысың, ару Майым – ашқан гүлім!
Армысың, ару Майым – сыршыл үнім,
Оянған ой мен қырда тіршілігім.
Қанеки, құлағыңды түрші бүгін,
Естисің ерке бұлақ мың сылдырын.
Бұлбұл да бұрынғыдан жыршы бүгін,
Қасымда қара томпақ бүршік-ұлым,
Мен-дағы желек жайған бір шыбығың,
Армысың, ару Майым – сыршыл үнім!
Армысың, ару Майым – күліп тұрған,
Кіршіксіз махаббатым тұнып тұрған.
Жолында жас сұлудың қылып құрбан,
Өзімді, өзгені де ұмыттырған.
Жайқалған жауқазынды жұлып қырдан,
Өртеніп от құшақка кіріп тұрған,
Көңілді тоқсан толғап бұрып тұрған,
Армысың, ару Майым – күліп тұрған!
Армысың, ару Майым – армандарым,
Ақылмен асуларды алғандарым.
Аз күндік қызығыма алданбадым,
Тамаша табысыма таңданбадым.
Жалынып жеңілдікке жалданбадым,
Қиынның қиындығы қамданғаным.
Алаулап жүрегімде жанған жалын,
Армысың, ару Майым – армандарым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ моншақты аруым

  • 0
  • 0

Еркелігің еліктің лағыңдай,
Көркемдігің көлдің көк құрағындай.
Мойынында мөлдіреп моншақтарың,
Көрген күннен арттырды құмарымды-ай.

Толық

Космонавт

  • 0
  • 0

Самғап ұшқан алысқа
Космонавт мен болам.
Жаны құмар ғарышқа
Ел сүйсінген ер болам.

Толық

Шал, бала және есек

  • 0
  • 0

Еңбегімен күн кешіп,
Шал мен бала мінгесіп,
Жүрген еді есекпен,
Жұрт қарады кім десіп.

Толық

Қарап көріңіз