Өлең, жыр, ақындар

Ақ моншақты аруым

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5843
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Еркелігің еліктің лағыңдай,
Көркемдігің көлдің көк құрағындай.
Мойынында мөлдіреп моншақтарың,
Көрген күннен арттырды құмарымды-ай.

Қайырмасы:
Мойныңдағы моншағың
Әдемі екен сонша бір.
Қадалады көп жігіт,
Сол қулардан қорқамын.
Моншақ таққан тамағың
Әппақ екен, қарағым.
Атқан таңдай арайлы
Жарқ еткенде жанарың.

Шағаладай шайқаған қара суды,
Талай жігіт сыртыңнан таласулы.
Мазалайды мені де жай таптырмай,
Моншақтарың мойныңда жарасымды.

Қайырмасы:

Моншақтарың маржан ба, лағыл ма екен?.
Күтіп тұрған алдымда бағым ба екен?
Жымыңдаған жұлдыздай тұңғиықтан,
Қол жетпейтін әлде бір сағым ба екен?

Қайырмасы:
(Соңғы шумаққа қосылып)
Жалын атып жүрегім,
Өзінді ойлап жүдедім.
Сол моншақтың орнына
Оралсайшы білегім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз таптары

  • 0
  • 0

Зат есім затты білдіреді,
Немесе атты білдіреді.
Баланы, ананы,
Даланы, ұланы,

Толық

Жапырақтар

  • 0
  • 0

Жапырақтар көктемде
Бейне бір шат балақан.
Қарап өткен-кеткенге,
Шапаттайды алақан.

Толық

Хабарсыз кеткеніме

  • 0
  • 0

Хабарсыз кеткеніме,
Жүрмісің ұмытты деп.
Шығарсың өкпелі де,
Көңліңе бұлт түнеп.

Толық

Қарап көріңіз