Өлең, жыр, ақындар

Асығамыз

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3295
Адам туса, көруге асығамыз,
Атқан таңмен гүл болып ашыламыз,
Шұғылалы шуақ боп шашыламыз,
Тау суындай тынымсыз тасынамыз,
Адам туса, көруге асығамыз.
Адам өссе, мақтауға асығамыз,
Дәрежесін дәріптеп, бас ұрамыз.
Жамандығын жабулап жасырамыз,
Жақсылығын арулап асырамыз,
Адам өссе, мақтауға асығамыз.
Адасса адам, даттауға асығамыз,
Ада қылып ақылды ашынамыз,
Қасиет пен қадірді қашырамыз,
Жақындамай қоямыз қасына біз,
Адасса адам, даттауға асығамыз.
Адам өлсе, көмуге асығамыз,
Келіп тұрып қабірдің басына біз,
Ол туралы ақтарып асыл аңыз,
Қара жерге ақ тәнін жасырамыз,
Адам өлсе, көмуге асығамыз.
Бұл тірлікте бәріне асығамыз,
Болашаққа бой созып, тасына біз,
Асуларға арман боп асыламыз,
Сөйтіп жүріп сөнбейтін басылады із.
Адам болып туған соң, асығамыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалқау

  • 0
  • 0

Көктемде мен апаммен
Көшет ектім күн ұзақ.
Қарындасым ағаммен
Ойнап кетті тым ұзап.

Толық

Адам мен хайуан

  • 0
  • 0

Бұл адам өмірге не үшін келеді?
Өмірдің өрісін, кеңісін көреді.
Тамаша табиғат тынысын аялап,
Тәңірдің бұйырған жемісін тереді.

Толық

Ей, пенделері Алланың

  • 0
  • 0

Ей, пенделері Алланың!
Жұмыр жерде таңдауың:
Топырағынан жаралдың,
Тұмасынан нәр алдың,

Толық

Қарап көріңіз