Өлең, жыр, ақындар

Адам мен хайуан

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1330
Бұл адам өмірге не үшін келеді?
Өмірдің өрісін, кеңісін көреді.
Тамаша табиғат тынысын аялап,
Тәңірдің бұйырған жемісін тереді.
Алдынан ашылып арайлы нұр таңы,
Шуағы шашылып, орайды күлкі, әні.
Мәңгілік жалғайтын тіршілік тынысын,
Ғасырдан-ғасырға тарайды ұрпағы.
Өзекті ойлардың асылын тереді,
Әкелер балаға ақылын береді.
Сол үшін жұмбақты тылсым күш табиғат
Әрқашан адамға бас иіп келеді.
Хайуан өмірге не үшін келеді?
Аузына тигенін жеу үшін келеді.
Өзара тынымсыз тебісіп, өлісіп,
Тек қана күштісі жеңісін көреді.
Аңдарға керегі ұрпақтың жоқ тегі,
Күн көрер бір сәттік тоқтықпен, боқтықпен,
Ал, адам сеніммен мәңгілік жасайды,
Сәулесін себелеп шын бақыт көп күткен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір сахнасы

  • 0
  • 0

Қарап тұрсаң өмірге,
Біздің қоғам тегінде,
Үлкен театрдан аумайды,
Халық қоғадай қаулайды.

Толық

Он шыбын

  • 0
  • 0

Ойнақтаған он шыбын,
Қарсы алдыма қон, шыбын.
Қағып алсын табанда
Сайтаныңды торсылым.

Толық

Бидай мен сұлы

  • 0
  • 0

Қаңғып келіп тосыннан,
Көп Бидайға қосылған
Жалғыз дәні Сұлының
Деді:

Толық

Қарап көріңіз