Өлең, жыр, ақындар

Бір досыма

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1088
Қырыққа келмей,
Ырыққа көнбей,
Есірген есер шағыңда,
Күлдің-ау балқып,
Жүрдің-ау шалқып,
Сұқсырдай сүңгіп сағымға.
Көзіңді сүзіп,
Сөзіңді үзіп,
Сұлуды көрсең сүйініп,
Гүлдерді әппақ
Үлгердің мақтап,
Жүрегің тулап, жиі ұрып.
Сақалың шығып,
Атағың шығып,
Келгеннен кейін қырыққа,
Ойыннан ықтап,
Мойыннан мықтап
Іліндің білем құрыққа.
Өзіңнен биік,
Сезімнен тыйып,
Балақтан тартып балаң да,
Қобарып денең,
Жазбақ боп өлең,
Жармастың қағаз, қаламға.
Өтімді қыздар
Секілді ызғар,
Жанына жақын жолатпай,
Ақылың жеңіп,
Батылың кеміп,
Қайтыпты күшің болаттай.
Ендігі күшің,
Ерлігің – ісің,
Өзіңде, ойлы көзіңде.
Көндіре алсаң,
Өндіре алсаң,
Сиқырлы сұлу сөзіңде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір болайық

  • 0
  • 0

Бір өзіңсің сүйкімді
Көктемім де, жазым да.
Күмбірлеген күй түрлі –
Сенің ерке назыңда.

Толық

Сырапшыл мен қарлығаш

  • 0
  • 0

Алаңғасар бір жігіт
Мол мұрамен көрмей ешбір қайғы-мұң,
Ысырапсыз төгіп-ашып байлығын,
Барлық мүлкін тындырып,

Толық

Керік

  • 0
  • 0

Білемісің керікті?
Ол – кәдімгі жираф қой.
Табиғат мол беріпті,
Мойын менен сирақ, бой.

Толық

Қарап көріңіз