Өлең, жыр, ақындар

Бір болайық

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3630
Әнін жазған Сейдолла Бәйтереков

Бір өзіңсің сүйкімді
Көктемім де, жазым да.
Күмбірлеген күй түрлі –
Сенің ерке назыңда.
Теңемеймін мен саған
Көлдің аққу, қазын да.
Арманымсың аңсаған,
Таңғы сұлу сазым да.

Қайырмасы:
Бір болайық,
Нұрланайық,
Қатар жүріп күнде біз,
Ұқсап егіз гүлге біз.
Мөлдір көзің –
Мол бір сезім
Жүрегімде оянған,
Арайланған ой-арман.

Көрген көннен өзіңді,
Құмартуым тегін бе?
Оятып от сезімді,
Куат құйдың көңілге.
Күлімдей бер нұр шашып,
Күнім болып көгімде.
Жүрейікші жыр шашып,
Мына жарқын өмірде.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барады күндер өтіп

  • 0
  • 0

Күндер өтіп барады, күндер өтіп,
Тәтті ұйқыға бөленген түндер өтіп.
Көпшіліктің көңілін күпті етуде
Күйкі тірлік күнделік діңкелетіп.

Толық

Мирон

  • 0
  • 0

Болды бір бай Мирон деген есімді.
Атамадым мен оны керек етіп өлеңге.
Айып емес қалмаса есте егерде.
Жаппай шулап көршілері көсілді,

Толық

Шаруа мен ажал

  • 0
  • 0

Қыстың күні шөп арқалап иіле,
Шаршаған шал мұқтаждықтан, еңбектен,
Әрең жүріп келе жатты үйіне,
Аһ-уһлеп тұла бойдан тер кеткен.

Толық

Қарап көріңіз