Өлең, жыр, ақындар

Тұтқын (М.Д.-ға хат)

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 31734
Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.
Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,
Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректi азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!



Пікірлер (5)

мөлдір маулен

уау керемет іздеген өлеңімді таптым!

Нұрлан Қабыл

Сиздерге Алланың нұры жаусын
коп рахмет

Нурик

Көп рахмет


Рахмет

Сынбай Амина

Рахмет сiзге, бул олендi Олимпияда айтам урааааа

Аминаго

Амина

Пікір қалдырыңыз

Ақсақ Темір сөзі

  • 1
  • 1

«Жиһан деген нe нәрсе?-
Алақанның ауданы!
Бір ауданда көй Тәңірі
Болудың тіпті жоқ сәні.

Толық

Сағындым

  • 0
  • 66

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Толық

Жауынгердің жыры

  • 1
  • 2

Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым!
Қолымда найза көк болат -
Ерлігіме айғағым.

Толық

Қарап көріңіз