Өлең, жыр, ақындар

Сергелдеңге түскен серіге

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1925
Қаумалағанда қайғының басқа бұлты мың,
Саудалағанда талайлар ғұрпын ұлтының...
Қай жерде қалды үкілі қоңыр домбыраң,
Қай жерде қалды ұңғысқан кескен мылтығың?..

Қай жерде қалды теңселткен сені күшті ағын,
Қай жерде қалды айнымас ата дұшпаның?
Қай жерде қалды ашуға мінген тұстарың,
Қай жерде қалды асыл жарым деп құшқаның.

Еліктеп түзден жемтігін табар қасқырға,
Тарттың да кеттің ..,
Ақиқатыңнан қаштың ба?
Сондағы ерен есерлігің мың ерлігің ,
Қай жерде қалды?
Қай шағылдардың астында?

Құдірет жоқ қой тірілер қайта өшкенді,
Сиқырға бөлер сұрықсыз сұрғылт кештерді.
Алашқа жетпей, атырауыңның аузында,
Әндерің қалды, қалмады басқа еш белгі.

Ойласам сенің қасіретіңе жетер ме ой ,
Кеудемде менің көтерді тағы қатер бой.
Дүние, шіркін, өтер де кетер екен ғой,
Бәрі де соның бекерден-бекер екен ғой ...

Қай кездерде де алады сені есіне ел,
Талайға жұмбақ тағдырың бір күн шешілер.
Ерлерді ездер еңіреткен кезде,
Дүниеге
Ақырын келіп, аһ ұрып кеткен есіл Ер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлылармен ұғысу (Абайға)

  • 0
  • 0

Ақылдан аққан ақжарма
Ағытқан кезде арнасын,
Орынсыз жерде одыраңдатпас
Алтыннан асыл алмасым.

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Жалықтым. Жабықтым. Жаңа ұқтым,
Еңсемді езеді тамұқ-түн.
Сығалап қарадым мен оған,
Терезесінен табыттың.

Толық

Биіктік

  • 0
  • 1

Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
Толағай боп туылмадым, әттең-ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды...

Толық

Қарап көріңіз