Өлең, жыр, ақындар

Сол жылдардан жеткен үн

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2176
Ит тірлік, зәһарыңнан маған да құй!
Япырмай, біткені ме жаманға ми.
Заманым ақырзаман болған шақта,
Мен едім "Банды" атанған Аманғали

Менде бір ұлың едім дәріптеген,
Бірге еді менің жолым халықпенен.
Қанішер халық жауы десе-дағы,
Ешкімнің қанын ішіп дәнікпеп ем.

Мойнымда кінәм болса о дүниеге,
Барғанда "Құдайыңа" барып көрем.
Сезгенім, қандай заман болса-дағы,
Қылады алыптығын алып деген...

Кетпеп ем адалдықтың үзіп қылын,
Қайтадан орала ма қызық күнім.
Сенделтіп сергелдеңге салатындай,
Жасаған, жоқ еді ғой бұзықтығым!

Алынбай асуларым алсам деген,
Күндерім өтіп жатыр сарсаңменен.
Ерен болып, мөп-мөлдір өлең болып,
Жүрегінде жұртымның қалсам деп ем.

Ақиқатсыз көңілді басардай мұң,
Ар-ожданды ойлаудан бас алмаймын.
Сайтан айдап, сар дала аяқ кетіп,
Үйірінен адасқан асаудаймын.

Босана алмай бұлқынып торда қыстай,
Қыран құсым қажыды самғап ұшпай.
Салқар құмда сүргін сап жүріс мынау,
Жарлы жолбарыстай...

Атамекен келеді саялағым,
Асыл жарды келеді аялағым.
"Дұшпандығым" есіме түскен кезде,
Шырт ұйқымнан шыңғырып оянамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неліктен көзіңе жас толады

  • 0
  • 0

Неліктен көзіңе жас толады,
Жан едің өнегелі.
Сеземін, қимайсың Астананы,
Қимайсың және мені...

Толық

Эпиграмма

  • 0
  • 0

Ақпа ақын, әз журналист Қойшығұлды
Қылжақтап құрдастары «тойшы» қылды.
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Қоятын сондай қылып ойшыл ұлды.

Толық

Әке мен шеше

  • 0
  • 0

Жалғыз ұлды, боп кеткен астаналық,
Күте-күте барады, шаш та ағарып.
Күйбең тірлік кешеді кемпір мен шал,
Қазақы үйді баяғы баспана ғып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар