Өлең, жыр, ақындар

Сен кімсің?

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2421
Қарттардың тыңдай - тыңдай сөзін кілең,
Өзіңді, сөзіңді ойлап көз ілдірем.
Бұл елдің досысың ба, қасысың ба,
Сен кімсің?
Ұға алмадым өзіңді мен!

Дарын болсаң ажалмен қолұстасып,
Әдетпе еді басқадан бұрын құлау?
Жарты тұтам тірлікте шалыс басып,
Сүріндің - ау, қайтейін, жығылдың-ау.

Кесті ме әлде, жолыңды қара мысық,
Сүттей таза едің ғой күріштей ақ...
Жұрт жығылып жатқанда шарап ішіп,
Жығылдың - ау, қайтейін, дым ішпей-ақ...

Сені біреу айтады желөкпе деп,
Ақиқатқа жететін дерек керек.
Тәрк еткенің рас па бұл өмірді,
Досың айтқан бір сөзге бола өкпелеп?!

Мен сендей кесапатқа кездеспедім,
Әй, қайдам, кездескенде төзбес те едім.
Шындық па "орда бұзар отызында"
Түңіліп бұ дүниеден баз кешкенің?...

Аштың ба кісеніңді сермеп, үзіп,
Қаштың ба шыныменен керме бұзып?...
Сені банды деп алып, әндеріңді,
Шырқайды,
Осы біздің ел де қызық...

Азаптанарыла алмайтірісінде,
Қалып қойып қаптаған мұң ішінде.
Қолынан құзғындардың қаза болған,
Аяулы арыстардың бірісің бе?

Заманның пірі менен перісін де,
Ұға алмай,
Түсіп кеткен теріс үнге.
Халқының қасиетін әнге қосқан,
Сайраған сары түзде серісің бе?
Сен кімсің?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

З. Дәуітовке

  • 0
  • 0

Жанарыңда мұнар мұң бар,
Со бір мұң,
Кіреукесін көтертпейді-ау көңілдің.
Бұйра шашың бұлт ішінде желбіреп,

Толық

Ағаға айтылмаған сыр

  • 0
  • 0

Кешір, кешір,
Ағажан, кешір мені,
Еске түстің Күнімді өшіргелі.
Кешір, сенің алдыңда кінәлімін,

Толық

Баян өлке – аяулы өлке

  • 0
  • 0

Асқар таулар көмкерген асқарын қар,
Баурайында баянды жас шағым бар.
Шақырады біздерді ақ шағылдар,
Асқар таулар, ал енді қош болыңдар.

Толық

Қарап көріңіз