Өлең, жыр, ақындар

Ағаға айтылмаған сыр

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2804
Кешір, кешір,
Ағажан, кешір мені,
Еске түстің Күнімді өшіргелі.
Кешір, сенің алдыңда кінәлімін,
Басқалардан болсам да көш ілгері.

Махаббат-ай,
Жастық-ай алақашпа,
Адам деген байыптап қарамас па?!
Ерегесіп бір ару сүймеді деп,
Ажалыңмен көрістің дар ағашта...

Өз-өзіңе қыз үшін кекті болып,
Дар алдында күйініп, кеттің өліп.
Бірақ...
Сені түсінген ол болды ма,
Тұрмыс құрды басқаны епті көріп.

Байлам жасап Мәжнүндер жайында оңай,
Ұқпадым ба мен сенің ойыңды ағай.
Ғашықтар бар, махаббат бар дегенді,
Жүрдім сол кез әйтеуір мойындамай...

Сырғып күндер көп өтті, сырғып апта,
Түсерімді ойламай бір күні отқа.
Серуендедім бір қызбен қол ұстасып,
Сендер жүрген бір кезгі түнгі бақта.

Жүрген кезде жаңа бір жолға асығып,
Орта жолда сүріндік,
«Арба сынып».
Сонда ғана түсіндім, аға, сені,
Қалғым келді менің де дарға асылып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Курстас достарды аңсау

  • 0
  • 0

Алматы баста мен үшін
Алатау алып асқар-ды,
Арайлы асқақ таңдармен,
Айнымас асыл достар-ды.

Толық

Жүрегімде жыр — әлем

  • 0
  • 0

Өзіңді іздеп шарқ ұрғалы ұлы өлең,
Саған қарай талпынғалы мына мен.
Өмір енді емін-еркін кеудемде,
Тебіренді жүрегімде жыр-әлем.

Толық

Қыршын ақынға

  • 0
  • 0

Жыр мұхитында желбіреп желкені желмен,
Тоқайластырған елжіреп ертеңін елмен.
Еркелеп жүріп елінің тентегіне ерген,
Шайырлар қанша шарапқа өртеніп өлген.

Толық

Қарап көріңіз