Өлең, жыр, ақындар

Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 3
  • 15834
Біздер жүрміз дер кезінде туылып,
Суға түсіп, отқа өртеніп, жылынып,
Жетімдердің ұясына тығылып,
Жесірлердің көз жасына жуынып,
Әйтсе дағы, дер кезінде туылып!
Біздер мына дәуірменен бірге өстік,
Қарап соның қабағына, күн кештік.
Уақыттың үніменен тілдестік,
Уақыттың көшіменен бір көштік.
Адамзатты қорғай жүріп, қаң бастық,
Адамзаттың азғынымен арбастық.
Аласаиран арпалыстан аман қап,
Адамзаттың өмірімен жалғастық.
Бұл дәуірдің бетін біздер ашқанбыз,
Болашаққа солай қадам басқанбыз.
...Біздер - әлі жан баспаған асқармыз,
Біздер - әлі жазылмаған дастанбыз.
Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,
Тарихы оның біздерменен ашылды.
Біздің мына қолтаңбамыз басулы.
Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды



Пікірлер (3)

Ұзақбаев Алихан

Мына өлеңдер керемет екен. Маған ұнады.

Гүлсезім.

Өте жақсы!

Айсана

Мұқағали Мақатаевтың Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Сәби өсіп келеді

  • 1
  • 3

Түнге карай,
Түйсік салып,
Таң атқанша не болады?!
(Оны қайдан білейін)

Толық

Қапырық бәрі

  • 1
  • 3

Қапырық бәрі;
Көңілім де менің қапырық,
Емендер анау,
Жапырақтары шашылып,

Толық

Интервью

  • 1
  • 2

Біз мына қоғамменен бірге өсеміз.
Тілдесеміз, үнімен үндесеміз.
Ақиқатты айтуды бізден сұра,
Ақиқатты айтуды білмесеңіз.

Толық

Қарап көріңіз