Өлең, жыр, ақындар

Дұға-жыр

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2096
(Алтай Шәмшиденовтің рухына)

Сен Адам ең, ал біз болсақ пендеміз,
Пенделікпен аттанамыз көрге біз.
Атаң қалды, інің қалды артыңда,
Бала-шағаң қалды және жеңгеміз.

Қайғы жұтып, у іштің ғой, бауырым,
Тағдырыңның сезуші едік ауырын.
Арсыз ажал қанша соқыр болса да,
Азаматтың жалмайды ғой тәуірін.

Ер ішінде еңселі едің,Алтеке,
Сері тілдің семсері едің, Алтеке!
Бір боғауыз өмірінде айтпаған
Адам болса,сол сен едің – Алтеке!

Ей, Алтеке-ай, аға едің ғой жаны ізгі,
Таба алмаспыз ерден сендей «нағызды»,
Өзіміздей ол да тірі жан ғой – деп,
Қарсы келсе, баспаушы-ең ғой қоңызды...

Жаймашуақ шақтарында мәрт күнгі,
Өмір жүгін тым ертерек арттырды.
Ақ халатпен адам емдер кезінде
Тағдыр саған «баянын» да тарттырды.

Інілердің ағасы едің, Алтеке,
Алтын тонның жағасы едің, Алтеке,
Алты алашта азаматтар кім десе
Көрсетуге тамаша едің, Алтеке.

Өттің, кеттің, бұл жалғанға тойдың ба,
Көп көрдің ғой сұм тағдырдың ойнын да
Барған жерде бақұл болғын бақи-дос,
Бізді ойлай жат қара жердің қойнында ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биіктік

  • 0
  • 1

Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
Толағай боп туылмадым, әттең-ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды...

Толық

Неліктен көзіңе жас толады

  • 0
  • 0

Неліктен көзіңе жас толады,
Жан едің өнегелі.
Сеземін, қимайсың Астананы,
Қимайсың және мені...

Толық

Замани зар

  • 0
  • 0

Октябрь таңы арайлап атты,
Нұрлы еді қандай таңғы қыр,
Шапағын шашты большевиктердің
жалауларындай қан қызыл.

Толық

Қарап көріңіз