Өлең, жыр, ақындар

Ақын үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 978
Абдырадым мен өзіңді таба алмай,
Қай жердесің асыл баба Еркебай.
Құлыптас жоқ бәрі құмға айналған,
Ғасырлардан жетпей қалған хаттардай.
Жермен жексен болғаныма сүйегің,
Қалың шөптер қорғаушың боп сақтардай.
От кеудемде сан бұлқынып нар талап.
Қаққанында сағыныштан жыр қанат.
Орта тұстан белгі беріп иреңдеп,
Қара жылан көрден шықты мұндалап.
О, әруақ, дұға оқиын сабыр ет,
Өзіңде ғой сырлы жұмбақ құдірет.
Қасымдағы Әтін қарттың Сақиы,
Бабам ғой-деп күбірлейді елжіреп.
Аққу ұшты осы бір сәт көгімде,
Дауыс жетті баба сенің үніңбе?
Сөйле, сөйле қасиетті киелім,
Ұрпақтарын жетектеген ілімге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Той күнгі тілек

  • 0
  • 0

Қазақы кемем, шайқала көрме, шайқалма.
Күлкі болып, тоқырау кәрі шайтанға.
Төбемізде қарғалар жүр, қарқылдап,
Ілік іздеп өсекшіге айтарға

Толық

Өтен батыр үні

  • 0
  • 0

Еске алып ерлік даңқын мәңгі тозбас,
Бабасын қадірлеген ұрпақ азбас.
Кел балам ерлігімнен сыр шертейін,
Жаныңа қуат беріп болсын жолдас.

Толық

Аманжол сұпы ата үні

  • 0
  • 0

Ел болама ақын жанын сезбеген,
Кел, кел балам өнер жолын іздеген.
Сыр шертейін, жыр төгейін жаныңа,
Кең Жылойдан ерлік толы іздерден.

Толық

Қарап көріңіз