Өлең, жыр, ақындар

Фаризасы қазақтың

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1026
Жыр қанжары найзағайды боратып,
Тайсалмастан әділетсіздерге оқ атып.
Масыл болып айықпаған дертінен,
Қалғығандарды селк еткізіп оятып.
Көртышқандай бар маңайын жалмаған,
Құныққандарды жұлып тартып жағадан,
Намыс туын асқақтатқан қайсар қыз,
Қайда кеттің інілерге жүк артып?
Шәһерлік боп жүрген жандай жырақта,
Оның жыры көмейде емес парақта.
Жауға шапқан бабалардай дауыстап,
Үн тастайды келер толқын ұрпаққа.
Өн бойында ер жүректік өжеттік,
Қызықпаған мінбелерге атаққа.
Шындық үшін жамандықпен алысып,
Айналғандай мәңгілік алау шыраққа!
Қасиет бар, құдірет бар тегінде,
Тек ақиқат Тәңір оған өмірде,
Табиғатпен жастық шақты ән қылып,
Қыран болып қалықтайды көгіңде.
Сұлулықтан сәуле тартқан сезімдей,
Ақтарылып күй төгеді теңііздей,
Шаттық сыйлап кең пейілмен төріңе,
Таңданасың жұдырақтай жүрегі,
Айналғандай жыр әлемнің өзіне.
Қош бол апа, жараланып қайғыдан,
Бұршақтаған жас қалды ғой көзімде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аққулар үні

  • 0
  • 0

Кел ақын кімді іздедің сағынышпен,
Бұл дала мұңға батып сағым ішкен.
Қаншама сырды жатыр бұғып ішке,
Сөйлесе шығарардай жалын іштен.

Толық

Данышпан Мұқтар әулием

  • 0
  • 0

Телегей ойдың теңізін,
Тереңнен бойлап інжуін.
Тергенде кесте тоқыған,
Тамсандырып жер жүзін.

Толық

Сұлтан Ғалиев

  • 0
  • 0

Жолдарында Гулаг, Карлаг із қалған,
Қуғын сүргін заманыңда зобалаң.
Келешекке алдын-ала ой салып,
Жетпіс жылда не боларын болжаған.

Толық

Қарап көріңіз