Өлең, жыр, ақындар

Мағжан ақын менен Адай шалы туралы жыр

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 935
Қыспаққа алып бейбіт күнгі тынысты,
Қызыл терор аямастан қан ішті.
Сұмдығынан қара түнек шошынып,
Көр тозаққа айналғаны жер үсті.
Кең далама доңыздарын қаптатып,
Жасап жатты небір ауыр қылмысты.
Шыдай алмай мұз құрсаулы азапқа,
Халық босты пана іздеп жан-жаққа.
Бар қаймағын алды жауы сыпырып,
Балта сілтеп қыран тектес қанатқа.
Тағдыр салса ауыр зілін лаж қайда,
Дінсіздерің айналдырды мазаққа.
Тас лақтырып ұлттық сана өр үнге,
Шоқыдырмақ кәпір қылып бәрінде.
Мәңгүрт қылмақ ұлылардың ұрпағын,
Бар байлығын игеруге мәңгіге.
Адамзаттың қарсы шыққан заңына,
Не айтасың Тиран тектес әлдіге.
Ойран етіп таж-тақытын талайдың,
Сүйрелеген сұм ажалдың көріне.
Далам қаусап ұмытылып жаз әнім,
Қайғы шермен жұтып мұңның азабын.
Ғұн ұрпағын жырлай білген ерлікпен,
Бір-ақ шықты Магаданнан Мағжаным.
Аяқ қолы шынжырлаулы кісенмен,
Кім ұғынар елім –деген от жанын?!
Темір тордан күн сәулесі сығалап,
Туған елден жолдағандай салем хат.
Жатса дағы тар қапаста талықсып,
Бишара боп басын бағу оған жат.
Ыза кектен өрді жалын жырларын,
Өз қанынан сия іліп қаламсап.
Алған беті қайсарлықпен осындай,
Тіке қарап өлімге де жасқанмай.
Жүрек сырын ақтаратын ашылып,
Адай жігіт тағдыры бір досындай.
Түрмедегі сүйенініші еді ол,
Мінезі бар көкте ойнаған жасындай!
Тыңшысы деп, елге жеткен Жапонның,
Тас түрмеге оны әкеліп жапқан кім?
Оның сыры белгілі ғой белгілі,
Ақиқаттан келешекке жетер үн.
Кең Жылойын олда айтатын сағынып,
Қошағылдың елестетіп көктемін!
Тарыққанда демеу болып бақ тілеп,
Адал жанды әркімге де дос керек.
Тіршіліктің күші сонда ұғынсаң,
Қияметті жарып шығар тілгілеп.
Бірін-бірі түсінетін үн-түнсіз,
Мейірімнен шуақ төгіп қос жүрек.
Ауыр азап жаншысада жандарын,
Магаданның кешіп батпақ саздарын.
Таңсық болып ұмтылды олар ерлікке,
Үмітпенен күтіп азат таңдарын.
Бұйырса-деп туған жерден топырақ,
Көрмесек-деп, енді қорлық зардабын.
Тырнағына түсіп қанды тажалдың,
Қанша жайсаң тапты мұнда ажалын.
Озбырлықтың құрбанының шегі жоқ,
Табыт қылған қылдай дұзақ шырмауын.
Оған куә көмілмеген сүйектер,
Бар ғаламға жеткізе алған зарлы әнін.
Қарғыс айтып жауыздықтың заңына,
Көк зеңгірге көтергендей қолдарын!
Жалбарынып күндіз- түні Тәңірге,
Еркіндіктің самғау үшін көгінде.
Аңсауменен туған елдің құшағын,
Өтеп жатты қызыл қанмен бәрінде.
Келер ұрпақ түсінер-ау өздері-ақ,
Тартып туса Көк Бөрілік тегіне!
Қорғамаса азаттығын ерлікпен,
Қан төгіссіз қайғы келер еліне!
Құлап түсіп мұнарасы даңқтың,
Күл талқан қып бар сенімін халықтың.
Мансап қуған билік келер басына,
Шаңда қалар ақиқат -нұр жарық күн,
Көр тышқандай қазынаңды тонаумен,
Түрін жасар кемірумен қорлықтың!
Тәңір басқа ондай қайғы бермесін,
Туын ұста ұлттық намыс алыптың!
Тиран құлап сасыған соң тезегі,
Саясаттың лас ауасы өзгерді.
Адай жігіт жазықсыз боп ақталып,
Ең қиын сәт қоштасатын кез келді.
Аманатқа тапсырды ақын дәптерін,
Сәд жасаурап мұңға толы көздері.
Құлы болған айдаһардай қызылдың,
Маңдайына таққан қарғыс жұлдызын.
ОГПУ-ің ұрлап алды бірақта,
Өзі болып сұрқиялы құзғынның.
Қай кезде де топас ойлы надандық,
Ақиқаттың сорға салған жүзігін!
Ой маржанын ұйқы көрмей тергенде,
Ақын сірә сезімсіз сыр өргенбе?
Бәрі, бәрі келер ұрпақ сен үшін,
Не жетеді асылыңды білгенге.
Мағжан атам исі бар-деп, бойында,
Адай шалын құшақтаймын көргенде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл қала

  • 0
  • 0

Қызыл қала, қыз қала,
Шежіреге толы тағдырың.
Өзің жәйлі кең дала,
Тебіреніп айтты мұң.

Толық

Қырық қыз туралы аңыз

  • 0
  • 0

Бір ауыл көшіп келіп Қарақұмның,
Алғанда түкпірінде жаңа тыным.
Қияннан ғажайып саз ән келеді,
Самал жел құшағында жалғап үнін.

Толық

Сұлтан Уәис ата үні

  • 0
  • 0

Ақыл деген ырыс толы дария,
Сусындаған сезе білген жан ұя.
Қадірлесең Тәңір берген сыйлықты,
Тәрбие нұр құт толтырар қойныңа.

Толық

Қарап көріңіз