Өлең, жыр, ақындар

Сұлтан Уәис ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1016
Ақыл деген ырыс толы дария,
Сусындаған сезе білген жан ұя.
Қадірлесең Тәңір берген сыйлықты,
Тәрбие нұр құт толтырар қойныңа.
Ақыл кетсе айтшы кімдер азбады,
Қайта оралмас қуаныштың жаздары.
Намыста жоқ, оны күтер ар да жоқ,
Дәйексіз боп өткізерсің жалғанды.
Ала шұбар жылан күнде шаққандай,
Тыныштық жоқ күн кешерсің шаттанбай.
Көкжалдайын жараланып у жұтқан,
Ішің ұлыр қысқы боран ақпандай.
Күйіп пісу болып дәйім үлесің,
Сатқындардыі сорын кешіп жүрерсің.
Қарға болып қыран құсың тау қонар,
Туған ұлың беттен алып жау болар.
Қырсық қатын азаптап пәк жаныңды,
Үйің тозақ мейман болып кім қонар?!
Суланбасың десең мұңмен жанарың,
Ақылды сүй иманменен қарағым.
Күн баттыма күнде өзіңе есеп бер,
Зердең алып өмір ұстаз сабағын!
Мен өзіңе жүрек сырын ақтардым,
Ата берсін алдан күліп ақ таңың.
Алыс жатқан бізді әсте ұмытпай,
Келіп тұр сен ақын балам Лұқпаным!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

О, Шәуілдір

  • 0
  • 0

О, Шәуілдір, Шәуілдір,
Көк аспаның көгілдір.
Шөл қыстаған кеудеме,
Жыр бұлағын төгілдір.

Толық

Төремұрат батыр баба үні

  • 0
  • 0

Таусылмайтын арман көп әр жүректе,
Ем жоқ екен, құлыным ажал дертке.
Кең Жылойдың бұйырмай топырағы,
Қалған жерім осы жер шөл үстірте.

Толық

Әбілқайыр хан

  • 0
  • 0

О, Муза Тәңір берген қыз бөбегім,
Бабамның ерлік даңқы іздегенің.
Міне біз хан молаға жеттік бүгін,
Бір жұтып қоңыр салқын күздің лебін.

Толық

Қарап көріңіз