Өлең, жыр, ақындар

Қозғара мен Махамбет

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 782
Қаншама іздеп қажытқанмен жол атын,
Мен атамның таба алмадым зиратын.
Қай түкпірде қайда қалды белгісіз,
Қансыратып қыран тектес қанатын.
Білетінім халық жауы атанып,
Жазықсыздан қолға түскен аты арып.
Аманатын сыйға тартып кейінге,
Жүрек сырын ұрпағына ақтарып.
Бір түрмеден бір түрмеге асырып,
Оны ұстапты тас түнекте жасырып.
Айырмастан қолындағы кісенін,
Зомбылықтың қара тасын бастырып.
Бекет болып қасиетті ұраны,
Бар жазығы Адай тектен туғаны.
Сүйінқара, Досан батыр, Еснияз,
Кеудедегі күмбірлеген жыр әні.
Сүйе біліп өзі туған халықты,
Мойындамай Совет- деген алыпты.
Дінім өшсе, тілім өшсе кіммін-деп,
Шекседе азап өз ойында қалыпты.!
Өтті жылдар өтті қанша қыспен күз,
Оған деген сағынышым өлшеусіз.
Бабалармен ұқсам жаны бірге жүр,
Жұмақ жақта егер маған сенсеңіз!.
Тастемірден Қалдымерген ұлдары,
Қаратайлап сезем сәлем жолдайды,
Сырым аян қызым қалай десемде,
Туған жерде тоғысады жолдары!
Ата мекен махаббатқа бөленген,
Құшағынан бабам ізін көрем мен.
О, ҚОЗҒАРА, МАХАМБЕТ-деп, дауыстап,
Бір ескерткіш қойдым өшпес өлеңнен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мырзағұл әулие баба үні

  • 0
  • 0

Бақыт деген өздерің ұрпақтарым,
Ұғынсын-деп, жаныңа сыр ақтардым.
Сендер әлсіз болсаңдар бірлігі жоқ,
Былғанғаны киелі топырақтарым.

Толық

Тұтқынға түскен фельдмаршал

  • 0
  • 0

Бет қаратпас долы боран гуілдеп,
Құтырынған, сақылдаған сары аяз.
Қиян – кескі соғыс жатыр гүрілдеп,
Қарқылдаған кәрі қарға қанға мәз.

Толық

Заманының заңғары

  • 0
  • 0

Елдің жүгін қара нардай көтерген,
Ағалар бар орақ ауыз от өрген.
Қазақ Рухын асқақтатып әлемге,
Сұлулығын соғып берген « Үркерден».

Толық

Қарап көріңіз