Өлең, жыр, ақындар

Құлагер ақын

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1102
(Ильяс Жансүгіров рухына)

Құлагер ақын түстің де қызыл құйынға,
Жүйріктігің үшін тағдырың салды қуғынға
Бабамнан қалған қоңырауым едің киелі,
Заманың қиып итерді қалай құрдымға.
Қимады-ау саған уақытында тіпті азырақ,
Еңіреді елің өзіннен ерте ажырап.
Сен кеттің үнсіз жұлдыздардың ішіне,
Көгіне елдің жырыңнан жағып сан шырақ.
Сәулесі оның шуағын төгіп әлемге,
Құлагер болып жүйткіп-ақ жетті әр елге.
Әділдік іздеп Ақаным болып сыр шертіп,
Айналып ғажап Махамбет атты өлеңге.
Сол өлең жырлап қазақтың байтақ даласын,
Сендіріп жұртқа өнердің мәңгі солмасын.
Жеткізіп тегіс аманат қылып баршаға,
Азаттық үшін күрескен елдің көз жасын.
Тыңдады әлем таңдайын қағып таңданып,
Азапқа төзген жау жүрек неткен нар халық.
Ұлдары батыр бабалар жолын жалғаған,
Ақындары қандай шуақты күндей жап-жарық.
Ал сен болсаң құрбандығы халықтың,
Ерлігін жасап ертедегі алыптың.
Құс жолымен жұлдыздарды аралап,
Құлагеріңді мініп із тастап қайда ағылттың!
Білемін жаның қалған соң туған еліңде
Үзбестен қосып сағыныш сазды әніңе.
Тәңірден сұрап бақыттың нұрын ел үшін,
Үлестіріп бүгін жүргендейсің бәріне.
Сол нұрыңмен жүректің отын маздатып,
Айтылмай қалған өзіңнен назды сырды айтып.
Азаттық үнін ұран қып келем ұрпаққа,
Жалының бойда лаулату үшін молайтып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен қазақтың ұлымын

  • 0
  • 0

Соқа тартып Сақтардан
Ғұндар, Қаңлы, Үйсінім,
Оғызына ақтарған,
Мәңгі өлмес күй сырын.

Толық

Нұрпейіс қазірет

  • 0
  • 0

Қатал тағдыр алса дағы сынаққа,
Құмарлықты ақылыңа билеттің.
Азап кешіп түссең дағы сан отқа,
Қайсарлықпен даналықты үйреттің.

Толық

Әруақты ата – Ер Қосай

  • 0
  • 0

Әруақ қонған жасынан,
Жақсылығын асырған..
Күш қуаты бойында,
Тасқын судай тасыған.

Толық

Қарап көріңіз