Өлең, жыр, ақындар

Нұрпейіс қазірет

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 968
Қатал тағдыр алса дағы сынаққа,
Құмарлықты ақылыңа билеттің.
Азап кешіп түссең дағы сан отқа,
Қайсарлықпен даналықты үйреттің.
Күйбең тірлік кедейлікпен етектен,
Алса дағы қиындыққа мойымай.
Тазалықты сүйе біліп жүрекпен,
Алға бастың берген серттен айнымай.
Жан көркіңнің қазынасын ойлаумен,
Мекке бардың білім іздеп шарқ ұрып.
Сен жинадың мәңгі тозбас алтын кең,
Ұрпағынды имандыққа шақырып.
Сол Меккеде көкірегіңе күн іліп,
Бастамасы бола біліп ұлы істің.
Досжан,Мырқы,Құнанбаймен бірігіп,
Қонақ үйін салдың Алаш ұлы үшін.
Оралған соң сағынышпен еліңе,
Елді жинап ақ ниетті ұранмен.
Мешіт салдың Қарабұтақ жерінде,
Қорған болар кие толы дұғамен.
Доңыздардың тимес үшін аяғы,
Былғамасқа көк орайын көгерген.
Дем біткенше қызмет қылып халыққа,
Жөн сілтедің адаспасқа Алладан,
Сөз жетерме сендей жайсан алыпқа.
Туған елге ізгілік із қалдырған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақмешіт

  • 0
  • 0

Өшкені қайта жаңарып,
Үн тастап иман, асыл ән.
Ағылып жатыр сан халық,
Мешітке жаңа ашылған.

Толық

Ермұхан Бекмаханов

  • 0
  • 0

Озбырлықпен қанды қылыш тағынған,
Сескенбестен империя тағынан.
Улы бұлтын серпіп тастап ерлікпен,
Айрылмасқа ұлттық рух танымнан.

Толық

Менің сүйген Отаным

  • 0
  • 0

Өткеніңмен тарихыңды танымай,
Мүмкін емес алға басу адымдай.
Айнымастан ата салттан жан салып,
Ақ жолында алаулай біл жалындай

Толық

Қарап көріңіз