Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1256
Өзеннің арғы жағында
Қасқайып қара жол жатыр,
Ыза,кек ойнап қанында
Қарайды оған ха батыр.
Қалың жау бұлттай қаптаған,
Жыландай жылжып келеді.
Елімді менің таптаған,
Өлім ғой оған керегі.
Найзағайдай күркіреп,
Айнымайды дауылдан.
Айналды жауын тілгілеп,
Прометейге Бауыржан.
Жез мұртынан сұр жебе,
Атылардай қозғалып.
Ұран салған үнінде,
Тарих толғар сөз қалып.
Быт – шыт қылып үрейдің,
Тіке қарап бетіне.
Қан тілеген көмейдің,
Салды найза өтіне.
Волокалам тас жолы,
Ерен ерлік айғағы.
Батырымның кек толы,
Жүзінен сыр айтады.
Алға,алға батальон,
Жеңіс Отан жүрегі,
Деген үнмен күн де ол,
Таңнан хабар береді.
Сырласамын рухымен,
Сусындауға қайнардан
Бүкіл қазақ ғұрпымен,
Бауыржанға айналған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара шүңгіл әулие ата үні

  • 0
  • 0

Әсем сазын туған жерге арнаған,
Кел, кел бермен жақындашы жан балам.
Осы жерден өтіп сансыз керуен,
Азияңды Евразияменен жалғаған.

Толық

Бергеніңнен айырмай

  • 0
  • 0

Бақытымнан айырылып,
Құса болып қайғырып.
Жүргенімде, о тоба,
Күнім туды қайырылып.

Толық

Дәден ата үні

  • 0
  • 0

Кел, кел балам толқып кетті жүрегім,
Қабыл болсын маған деген тілегің.
Арнап өзің бас иіуге келген соң,
Ағылтайын қалың ойдың тиегін.

Толық

Қарап көріңіз