Өлең, жыр, ақындар

Азаттық жаршысы

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1526
(Міржақып Дулатов рухына)

Көзіңді аш оян қазақ көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты
Жер кетті дін нашарлап хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамасты.
Міржакып

Менің елім босана алмай құрсаудан,
Дем жұтқанда құлдық соры у шаңнан.
Әшкерелеп зұлымдығын патшаның,
Өзің едің жан дауыспен жар салған.
Оян қазақ, оян - дедің дем беріп,
Кең даламды сілкіндірді жыр көрік.
Есік қақты әр алаштың үйіне
Жасық ойды дауылдардай төңкеріп.
Оян қазақ ,мәңгі өшпейтін асқақ ән,
Бар Алашым Құранындай жаттаған.
Манифесі , теңдік үшін күрестің,
Рух беріп жеңістерге бастаған.
Осы жырмен құлдық шаңнан сілкініп,
Байтақ елім жауға шапты жұлқынып.
Дауысына үнін қосып іңгәйлап,
Ақ бесікте сәби жатты бұлқынып.
Осы жырдан бақыт тауып бабамыз,
Қалдырыпты өзі жайлы жыр аңыз.
Алғыс саған азаттықтың жаршысы,
Тас түнекте тастан тіліп салған із.
Қанша жылдар өтсе дағы үзілмей,
Бізге жеткен ұран салып өзіңдей.
Отты жырың оян қазақ үн тастап
Туған жерді аралап жүр көз ілмей.
Сөз жетпес-ау азаматтық бағаңа,
Рухыңа тәубе етіп жан аға.
Менде күнде оян деймін жан салып,
Қалғып кеткен тойымсыздау жандарға.
Оян-деймін тарқамасқа елдігім,
Көрмес үшін залымдықтың құрығын.
Оян-деймін арту үшін бірлігім.
Жоғалтпасқа ата дәстүр кеңдігін.
Оян деймін жүргендерге бас бұғып,
Қор қылмасқа Тәңір берген ғұмырын.
Оян-деймін келер ұрпақ толқынға,
Азаттықтың кетірмеске қадірін,
Бабалардың жырға қосып ерлігін,
Аңсауменен ақиқаттың таң нұрын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дияр ата үні

  • 0
  • 0

Раш әжең сені өсірген аялап,
Көз алдымда алтыншы ауыл сая бақ.
Маңдайыңнан сипау үшін,құлыным,
Барушы едім Жемнен өтіп жаяулап!

Толық

Мен

  • 0
  • 0

Елім барда еңсесі жығылмаған,
Тілім барда кеудемде жалындаған.
Туған елдің күмбірлер үні болмай,
Бауырым-ау, қалайша тыным табам.

Толық

Сырым баба (Ғайып-ата)

  • 0
  • 0

Бабаман жеткен алтыным,
Сөйлер тілі халқымның.
Көкте ойнаған жасынның,
Қанына құйған жарқылын.

Толық

Қарап көріңіз