Өлең, жыр, ақындар

Төремұрат батыр баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1054
Таусылмайтын арман көп әр жүректе,
Ем жоқ екен, құлыным ажал дертке.
Кең Жылойдың бұйырмай топырағы,
Қалған жерім осы жер шөл үстірте.
Тірілер бізден күдер үзгенбе еді,
Келмеді көптен ешкім іздеп мені.
Жақында айтарым көп ақын балам,
Кеудемнен ағылтайын сырлы әуезді.
Ел үшін түскен талай жалын отқа,
Жан едім қалқан болған қалың жұртқа.
Кезінде Құрманғазы күйін арнап,
Паш еткен ерлігімді шартарапқа.
Хиуа , Хорезммен шауып Қалмақ,
Ресей қаншеңгелді жезді тырнақ.
Шулатып нар халқыма бас салған соң,
Күрестім туған елдің арын қорғап.
Күн кештім ер үстінде қан майданда.
Ер жігіт қас дұшпанға қол жайғанба.
Даңқына бабалардың кір түспеске,
Қол созып,азаттық күн арай таңға.
Алыста ару қалып аққу үнді,
Өткіздім мен осылай небір күнді.
Өмірім өтті күрес майданменен,
Ерлікке бастауменен ғұмырымды.
Сен мұны еске сақта келер ұрпақ,
Түсінсең Отан біреу жалғыз ортақ.
Тілеуін тіле оның бірлікпенен,
Әр тасын қадір тұтып жаудан қорғап.
Оқысаң тарихыңды терең танып,
Бәрі де сабақ болар жолыңа анық.
Әр қырда күңіренген боздақтардың,
Дауысын жеткізе біл жырмен жазып.
Нәр алған ата салттан исі сіңіп,
Болса егер бақ ұяңда ұйымшылдық.
Киелі ақ қанатты періштедей,
Төріңе бақыт қонар ырыс құйып.
Біз мына сол бірліктің жоқтығынан,
Тақ талас хандар қоқыс боқтығынан.
Қаншама жапа шегіп қорлық көрдік,
Көз ашпай кесапатты отты уынан.
Иә, балам айтсам саған сыр таусылмас,
Толқындай бір-бірімен болған жалғас.
Есіме Қыз Данайым түсті қазір,
Жатсамда түнек көрде ол ұмтылмас.
Жоқ болар ондай сұлу жер мен көкте,
Сүйгенін мақтады-деп, мені сөкпе.
Ғашық боп сол аруға пәк сезіммен,
Заманмен арпалысып түстім өртке.
Сүйгенім болған емес басқа менің,
Байлығым сол гүлім мен жас дәуренім.
Кездесіп жүрдік талай жұрттан таса,
Көзіне түспеу үшін өш көздердің.
Қос жүрек адал сүйсе тұра алама,
Қарамай қыспаққа алған зар заманға.
Жаныма қызу лебін көктем қылып,
Жасырын алып қаштым Бесқалаға.
Шырылдап ескіліктің құрығында,
Бөктеріп қызыл қанға қырды мына.
Себепкер болдым балам мен осылай,
Жылыойда,»Қызданайдың қырғынына»!
Көрген соң итаршы боп,құлдай қорлық,
Жат елде жүрмейін-деп, ұлтан болып.
Қайдасың Кең Жылой деп,тартым кейін,
Білместен қас жауымды тұрған торып.
Жете алмай туған жерге мәңгі жазға,
Алысып жүзбен жалғыз тартып аза.
Өтен мен Нарымбайым болмады-ау деп,
Құла дүз Күйкентауда болдым қаза.
Қимасым Қыз Данайым қайран жүрек,
Қасірет қайғысынан кешіп түнек.
Шарапат таппай мынау дүниеден,
Қош бол деп,қалды кейін жас мөлдіреп.
Күздегі қызғалдақтай үсіп солмай,
Қайтесің тағдыр өзі жазса солай.
Бал жұтам- деп, жүргенде у іштім мен,
Ғашықтық оты шарпып елге сыймай.
Келіп тұр мені ұмытпай жапырағым,
Айтылмай іште тұнып жатыр әнім.
Алып кел келеріңде Кең Жылыойдың,
Бір уыс кие толы топырағын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бөкен би

  • 0
  • 0

Еліме төгіп шуақтан,
Даналықпен сыр айтқан.
Сырымдай асыл сұңқарды,
Ақ бата беріп самғатқан.

Толық

Ғұн патшасы Аттиланың өсиеттері

  • 0
  • 0

Ғұн ұрпағы тумысынан күрескер,
Сені күтіп алда тұр ғой ұлы істер.
Өсиетімді ақ жол тілеп айтайын,
Қабыл алсаң қашпас сенен жеңістер!

Толық

Мен қазақтың ұлымын

  • 0
  • 0

Соқа тартып Сақтардан
Ғұндар, Қаңлы, Үйсінім,
Оғызына ақтарған,
Мәңгі өлмес күй сырын.

Толық

Қарап көріңіз