Өлең, жыр, ақындар

Бимырза ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 826
Берілмеген ішіп жеуге бұл тірлік,
Білім ізде жалықпастан ұмтылып.
Нағыз дәулет таусылмайтын бар сонда,
Жететұғын өміріңе ғұмырлық!
Қанағат боп әрдайымды есебің,
Жамандықтың жолаттырмай кеселін.
Ғылым шамын жаға білсең кейінге,
Еліңменен гүлдей жайнап өскенің!
Дұшпаны боп жаратылған адамның,
Надандардан сақтанып жүр қарағым,
Қайда болса нағыз өнер иесі,
Олар соның бағып жүрер қадамын.
Өмір жолы сынға толы бұралаң,
Жемқорлықпен ізгілікті торлаған.
Тойымсыздан тіптен аулақ болғайсың,
Тәкапарсып өзін-өзі тонаған!
Адамзаттың сұлулығын сәнді еткен,
Бақыт жолы басталады әдептен.
Бастауы оның Тәңір берген тіліңде,
Тіл бақпаған туған елін жүдеткен.
Тіл ұлтыңның қаны, жаны ұғынсаң,
Жүрек отың бабаң берген лағыл шам.
Ақ сүті бар онда анаңның өсірген,
Киесі ұрар қасиетін ұмытсаң!
Бабалардың қадір тұтып әр сөзін,
Қорған болып ақыл, сабыр, мінезің.
Мақсат қылған арманыңа құлшын сен,
Сүйе біліп даналықтың күн көзін.
Тамыр жайған топырағың туған жер,
Қанат жаяр кеңісітігің туған ел.
Ұмытпасаң мұның бәрін ұрпағым,
Асулардан аса аларсың талай бел!
Жаңа ғасыр бақыт беріп бәріңе,
Қыдыр қонып, ырыс келсін бәріңе.
Тілін, дінін ұран қылған ұландар,
Күнде жеңіс әкеледі еліне!
Жүректердің тербеп нәзік пернесін,
Әрбір үйді мол қуаныш кернесін.
Әнің болсын күн бесігің Кең Жылыой,
Отаныңның биіктеткен мінбесін.
Ізгіліктің жаға біліп оттарын,
Сыйға тартқан даналық ой бақтарын.
Туған елдің туы болған киелі,
Аман болсын Қаратаудай қарттарың!
Баба жолын жалғай біліп ұрпағың,
Шексіз сүйіп адалдықпен Отанын.
Сүйсіндіріп ұлттық сана намыспен,
Сәні болсын шуақ төгіп ортаның!
Ақыл жігер серік болып бақ көшің,
Мақсат қылған биіктерге өрлесін.
Тәңір өзі сыйға тартқан туғаннан,
Қаламыңның сиясы ұлым кеппесін!
Өзіңді ұғар дос көбейіп қасыңа,
Ғұмыры ұзақ жас қосылып жасыңа.
Жүрегіңнен жарып шыққан дарияң,
Мұхиттармен жатсын шалқып қосыла!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шапих Ізбасұлы

  • 0
  • 0

Қайран Шаке! Алатаудай асқағым,
Бүгін менің биіктеді-ау аспаным,
Өз атыңа халқың берген көшеде,
Даналықтың көргендеймін бастауын.

Толық

Ғұн патшасы Аттиланың өсиеттері

  • 0
  • 0

Ғұн ұрпағы тумысынан күрескер,
Сені күтіп алда тұр ғой ұлы істер.
Өсиетімді ақ жол тілеп айтайын,
Қабыл алсаң қашпас сенен жеңістер!

Толық

Ұлы қолбасшы Табын Қараұлы Бөкенбай батыр

  • 0
  • 0

О, Әулием ғасырларға ту ілген,
Ерлік даңқың аңыз жырмен төгілген.
Қалың жауды жеңіп талай қол бастап,
Орын алған туған елдің төрінен.

Толық

Қарап көріңіз