Өлең, жыр, ақындар

Бөкен би

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1477
Еліме төгіп шуақтан,
Даналықпен сыр айтқан.
Сырымдай асыл сұңқарды,
Ақ бата беріп самғатқан.
Дария теңіз кеудесі,
Ақылдың дана киесі.
Заманында өзінің,
Болмаған әсте теңдесі.
Әділдікті ту қылған,
Қара жердің кемесі.
Аты айналған аңызға,
Билердің биік төбесі.
Әр сөзі тең алтынға,
Жақын болып халқына.
Ала біліп алғысын,
Адал іс қалған артында.
Ақылды ұстап дау жеңген,
Ерлікті ұстап жау жеңген.
Өнеге болған талайға,
Есентемір Көнесі.
Қара қылды қақ жарған,
Туралықтың иесі,
Бүгілместен тізесі,
Ғибрат айтқан халыққа
Кіші жүздің Төлесі!
Берілмеген мақтанға,
Қызықпаған тақтарға.
Ел бірлігі шайқалса,
Өгізге мінген ақ таңда.
Ақиқаттан дем салған
Асулардан аса алған.
Даналыққа жол беріп,
Ақылмен елді басқарған.
Ойлаған қамын халықтың,
Далама біткен жарық күн.
Үн тастаған ұрпаққа,
Төсінен теуіп қауіптің.
О, Жан баба ! Құт өрген,
Сен біргесің жұртыңмен.
Өзіңді іздеп толғанған,
Демеші мені Рухыңмен!
Ізіңнен тұрмын көз алмай,
Алысқа шабар құландай.
Ақ бата беріп өзіңе,
Елім-ай жырын шырқаған,
Қожаберген жыраудай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзбекәлі Жәнібеков

  • 0
  • 0

Ел сүйген асқақ сезім армандардай,
Жүрмедің қара бастың қамын ойлай.
Бабалар басып өткен іздерінен,
Қастерлеп саз балшықтан соқтың сырнай.

Толық

Қызыл қала

  • 0
  • 0

Қызыл қала, қыз қала,
Шежіреге толы тағдырың.
Өзің жәйлі кең дала,
Тебіреніп айтты мұң.

Толық

Достықтың ұлы жеңісі

  • 0
  • 0

Қорғасын боран қап – қалың,
Құйындай дүлей бораған.
Қызыл от, жалын жан – жағың,
Сусылдап оқтар салады ән.

Толық

Қарап көріңіз