Өлең, жыр, ақындар

Абыл ақын

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 984
Сүйекем сапар шекті сексен бесте,
Сәскеде қалды аға жатып төсте.
Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді,
Ажалға ол да көнді салған іске.
Абыл
Адайдың қасиеті саналатын,
Қастерлеп Сүйінқара батыр атын.
Жадына сақтасын –деп, келер ұрпақ,
Жырладың жырға қосып абыз ақын.
Қас дұшпан салмас үшін елге ойран,
Бұл жерде өтті қанша қанды майдан.
Жеткіздің Құлбарақпен, Шотан ерді,
Қалың жұрт ерлігіне қайран қалған.
Құлы боп Тәңір берген намыс ардың,
Жырладың әрбір тасын Маңғыстаудың.
Аңызын жырға қосып ақ маржандай,
Шашу қып нар халқыңа табыстадың.
Әуелден найзаны ұстап жауға барған,
Бұл елде батыр қанша болған қорған.
Бәрінде сыйдырғансың дастаныңа,
Ғасырлар айдынында желкен құрған.
Заманның жеткізе алып ағыстарын.
Халқыңнан сан мәртебе алғыс алдың,
Атыңды қайталаймын бар дауыспен,
Ұрпаққа жетсінші – деп, намысты әнің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есболай батыр баба үні

  • 0
  • 0

От құшағы мәңгі көктем жап-жасыл,
Туған ел ғой жанға жақын ең асыл.
Айрылған соң бірлігінен уыздай,
Азап кешті бейнет тартып сан ғасыр.

Толық

Партизан Қасым Қайсенов

  • 0
  • 0

Днепр жағасында қалың орман,
Ұл – қызын қорғап дүлей қанды қолдан.
Ып – ыстық мекеніндей пана болып
Соқтырған зергер қысқа қарлы қорған.

Толық

1937 жыл

  • 0
  • 0

Қанды шеңгел тырнағы,
Қалың елге қол салып.
Бар байлығын тонады,
Өн бойынан қан сасып.

Толық

Қарап көріңіз