Өлең, жыр, ақындар

Нұрым ата басында

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 959
Осы жерме Топырақ шашты дегенің,
Нұрым атам оқып соңғы өлеңін.
Көкжиекке қимастықпен көз тастап,
Тіліп өткен сұм ажалдың түнегін.
Нұр толтырып құшағына талмастан,
Ғасырлардың үні болып жалғасқан.
Қайран ақын жан дауысың жанымда,
Ұрпағына ұран болып жол ашқан.
Көзсіздерге көз болғансың кезінде,
Сөзсіздерге сөз болғансың сезімге.
Ханнан асып қараңғыда таң болып,
Айналғансың алтын күннің өзіне.
Ақпа жырын шашу қылып ақылдың,
Небір таңды көз ілместен атырдың.
Шежіремді сыйға тарттың күмбірлеп,
Тіл ұшында зары болып халқымның.!
Тоғыз ауыл тоқсан торап жолында,
Негіз болған сенің асқақ жырыңа.
Күйкентаудан үн тастайды дауыстап,
Аңызақта айналғандай жалынға.
Самал желдер сол үніңді қайталап,
Өткен күннен сыр шертеді ой толғап.
Құба жонда батырлардың зираты,
Ұран салар біз куә деп, айхайлап.!
Ер жігіттің ары болған толғауың,
Қайран баба гүлге біткен балдайын.
Жырдан арнап құранымды бағыштап,
Топырағыңа кие жұқсын аунайын!
Жоғалмасқа күмбез соғып басыңа,
Жайсаңдарды серік қылған қасына.
Шияпұлы Ибрагимдей ұлыңның,
Қолтаңбасы ой салады осында!
Жайсаңдар ғой ұрпақтары Қосайдың,
Жомарттығын қалай жырға қоспайын.
Ойлай білген бірлікпенен елдікті,
Ізгі ісінің жалау қылдым бастауын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірзақ Қалбайұлы

  • 0
  • 0

От кеудеңді тербеп нәзік сырлы ағын,
Теңіздердей буырқанып тынбадың.
Прометейдей шырақ тасып еліңе,
Азияда шалықтады жыр әнің!

Толық

Төремұрат батыр баба үні

  • 0
  • 0

Таусылмайтын арман көп әр жүректе,
Ем жоқ екен, құлыным ажал дертке.
Кең Жылойдың бұйырмай топырағы,
Қалған жерім осы жер шөл үстірте.

Толық

1937 жыл

  • 0
  • 0

Қанды шеңгел тырнағы,
Қалың елге қол салып.
Бар байлығын тонады,
Өн бойынан қан сасып.

Толық

Қарап көріңіз