Өлең, жыр, ақындар

Табын Досжан қазірет

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 977
Ой салған Шұбарда дос қарсы аларда,
Келемін әр жыл сайын осы араға.
Асығам атам салған мешітіне,
Жетектеп немеремді бастап алға.
Білсін-деп, әулилердің қасиетін,
Өнеге үлгі болған жақсыларға!
Әуелден әрбір тасы жырға лайық,
Бұл жердің табиғаты таңғажайып.
Атамның өзі өсірген алма бағы,
Елестеп қарсы алғандай құшақ жайып.
Сыр шертер таңбасы бар құлыптастар,
Көш тартып аңыздардан болған ғайып
Құлаған көркем мешіт күмбезімен,
Қатыгез жауыздыққа тағып айып.
Шилісу болса да бұл жер баяғы,
Сәулесін баяғыша күн жаяды.
Қаншама шәкірт оқып қанат қаққан,
Бөлмелер оюланған ой салады.
Түсінсе бар адамзат ақылменен,
Тірліктің имандылық нұр баяны.
Атағы атамыздың жерді жарып,
Кәрі жас сол даңқына болған қанық.
Баласы мұсылманның қажымасқа,
Берген ғой Меккеден де үйін салып.
Қазақтың дәл анықтап шыққан тегін.
Өшпеске кең әлемде Түрік даңқ!
Қаншама мешіт салған елімізде,
Қиялмен жетсем дейсің ізгі жерге.
Доңызтау Қарашыңы қол бұлғаса,
Тасастау Қайнар еркін сөйлер бізге.
Бәрінде жеткізген ғой даналықпен,
Сый қылып шежіресін өзімізге!
Шөл қанып бұлағынан құмарлана,
Рухпен тілдесесің туған дара.
Бұл жерде басын қосып үн қатқандай,
Қазіреттер келісумен алдын-ала.
Меккеге барып келген Нұрпейіспен,
Келеді Жұмағали топты жара.
Бәрі де Құнанбайды күтіп алып,
Бермекші ақ батасын ізгі жанға!
Қалайша толғанбассың тебіреніп,
Бабаңның тұрғандайсың өзін көріп.
Қаншама көрсе де азап мойымаған.
Жүзінен өріледі нағыз ерлік.
Қастерлеп әруағын жыр төгесің,
Немерең жаныңдағы болып серік!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есет баба

  • 0
  • 0

Ту көтеріп туған елдің төрінен,
Қас жауына қызыл өрт боп көрінген.
Қайран баба риза болып өзіңе,
Әділдіктің желкен құрып өрінен,

Толық

Қорқыт баба

  • 0
  • 0

Желмаясын желдіртіп,
Жері қалмай кезбеген.
Арып-ашып жең жыртып,
Жер ұйығын іздеген.

Толық

Ақын үні

  • 0
  • 0

Абдырадым мен өзіңді таба алмай,
Қай жердесің асыл баба Еркебай.
Құлыптас жоқ бәрі құмға айналған,
Ғасырлардан жетпей қалған хаттардай.

Толық

Қарап көріңіз