Өлең, жыр, ақындар

Рахымжан Отарбаев

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2150
Кең әлемге қазағымды танытқан,
Дара туған тума талант жарық таң.
Шуақ төгіп адамзатқа ой салып,
Сөз маржанын дариядай ағылтқан.
Рахымжан-деп,өз қолымен қол қойып,
Бабалардың ізгі жолын жаңғыртқан,
Сүйсінбессің қалай дарын тұлғаға,
Ақын болсаң тереңдікке құмартқан!
Тағдыр қинап сынаса да қаншама,
Басын бұғып қалмастан ол тасада.
Пана қылып жалғыз ғана Тәңірді,
Көкжал селді ағыстарды қарсы ала
Сескенбестен дауылдардан қайсар ұл,
Алға тартып ұлтым деген ой сана.
Мәңгілікке соға білген ескерткіш,
Сұлулыққа қарау үшін тамсана!
Қас өнерден көтерген көк күмбезді,
Тылсым жұмбақ әлемдей ғой бір өзі.
Қуанасың ойларына даналық,
Елестеткен буырқанған теңізді.
Шақырады ерліктерге ізгі ісі.
Тану үшін дауылдарда өзіңді,
Ұғу үшін асқақ арман сезімді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жары Мәтжан ата үні

  • 0
  • 0

Жанқожа –деп, аталатын осы жер,
Кең Жылойға әуел бастан таныс жер.
Осы жерде біз жатырмыз тыныстап,
Сыр айтайын ақын балам бері кел!

Толық

1937 жыл

  • 0
  • 0

Қанды шеңгел тырнағы,
Қалың елге қол салып.
Бар байлығын тонады,
Өн бойынан қан сасып.

Толық

Өтен батыр үні

  • 0
  • 0

Еске алып ерлік даңқын мәңгі тозбас,
Бабасын қадірлеген ұрпақ азбас.
Кел балам ерлігімнен сыр шертейін,
Жаныңа қуат беріп болсын жолдас.

Толық

Қарап көріңіз