Өлең, жыр, ақындар

Адайлар

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2357
Азаттықтың үнін аңсап әуелден,
Қас жауына қара бұлттай түнерген.
Қайран менің бабларым өр үнді,
Ерліктерін жазып кеткен өлеңмен.
Қылыштардай өткір жүзді қайралған,
Ұран шықса қас батырға айналған.
Жанарлары жалын шашып жарқ етіп,
Жебе болып бір – ақ шыққан майданнан!
Нажағайдай күкіреген аспанда,
Бойын құрсап ашу ызы қысқанда.
Қармыс болып жауға шапқан ол жалғыз,
Найза сілтеп кеуде керіп тасқанға.
Дүбірлерге әсте шыдап тұрмаған,
Кейін қарап бірде мойын бұрмаған.
Адайлар – ай біздің баба адайлар,
Ардан туып ерлік үшін жаралған,
Ер Қосай боп елім үшін қол бастап,
Ата жолмен ата жаудан кек алған!
Намыс туын ешкімге де бермеген,
Аруақтары бұлттай күнге өрлеген.
Иә Бекет – деп қалың жауға ат қойып,
Жарқылдатып қылыштарын сермеген.
Жүректері құйылғандай құрыштан,
Аман шыққан талай қанды ұрыстан.
Арыстандай айбат бар – ау сендерде,
Бірліктерін шығармаған уыстан!
Қызу қаның бойыңдағы ар әнің,
Жалау қылып аманатын бабаңның.
Сен қорғадың ол шеті мен бұлы шетін,
Қасиетін қадір тұтып даламның.
Үш жүз алпыс әулиелеріңді қастерлеп,
Тұтастығын тілеп байтақ ғаламның.
Үлгі болып ұрандасқан бірлігің,
Еркіндікте еркін өскен өрлігің.
Аңыз болып кең әлемді шарлаған,
Серпіп тастап шекаралар түндігін.
Құшағыңа дара құйып шуақ таң,
Сусындатып ерлік атты бұлақтан.
Тәңір өзі найза беріп қолыңа,
Әуел бастан батыр қылып жаратқан.
Ерліктерің нөсерлеткен күйіңде,
Жетелейді терең ойлы түйінге.
Жатқандайсың бұл күндері той жасап,
Ақ ордаңда Мұңал бабаң үйінде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы даланың ұлы перзенттері

  • 0
  • 0

Жалаң аттың жалымен,
Жалаң қылыш жүзімен.
Жауға шапқан бабамның,
Даусын аңсап ізімен.

Толық

Әбілқайыр хан

  • 0
  • 0

О, Муза Тәңір берген қыз бөбегім,
Бабамның ерлік даңқы іздегенің.
Міне біз хан молаға жеттік бүгін,
Бір жұтып қоңыр салқын күздің лебін.

Толық

Дауылпаз жырау Сүгірім

  • 0
  • 1

Ақ нұрына орап күн - айдың,
Өзі арнап берген Құдайдың.
Дауылпаз жырау Сүгірім,
Бұлағындай мөлдір қайнардың,

Толық

Қарап көріңіз