Өлең, жыр, ақындар

Отырар

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2204
О, Отырар, Отырар!
Бабамнан қалған сынығым,
Алтыннан қымбат сыйлығым.
Әрбір тасың күмбірлеп,
Айтқан сәтте сыр мұңын
Тізе бүгіп алдыңда,
Бір Аллаһқа сиындым.!
Келдің бе, - деп, дауыстап,
Рухтар елес ырыс бақ,
Ой салғанда елжіреп,
Омырауымды нұр ыстап
Күңіренте құран оқыдым,
Бабаларыма бағыштап!
Сейілмей бастан боз тұман,
Ерлікпен өшпес көз жұмған.
Шәйіт болған мұндағы,
Бар мұсылман өз тумам.
Түрік тектес түбі бір,
Тамырласпыз бір туған.!
О, Отырар, Отырар !
Көгіңді бұлт торлаған,
Алты ай бойы қорғаннан
Қалың жауды жібермей
Жанын қиып қорғаған
Жасампаз ер халқымды,
Кімдер сатып қорлаған !?
Өз Отанын ұғынбай,
Шайтан ойнақ құйындай
Шапқыншыға жол ашып,
Жалпаңдаған құлындай,
Қарғыс атқыр, қу сатқын,
Қайда жатыр шыңғырмай ?!
О, Отырар, Отырар !
Бабалардың зар мұңын,
Бастан кешкен тағдырын
Сенен тыңдап көз ілмей,
Фарабидей жан ұлың,
Із қалдырған көшеңде,
Жырдан алау жандырдым !
Кетпессің-ау, есімнен,
Топырағыңды төсіңнен
Бойтұмар қып қастерлеп,
Қимас ыстық сезіммен,
Кең далаңа көз тіктім,
Шетсіз-шексіз көсілген.
Көргенше қош! Отырар !
Кеудесінде оты бар,
Бар мұсылман Тұранда,
Түбінде бір қосылар.
Ата –Түрік аңсаған,
Ең бақытты сол күнге,
Шаттық шашу шашылар!
Ел қорғаған ерлермен,
Қайырхандай ханыма,
Ескерткіште ашылар.
Сілкінерсің сонда бір,
Құмға шөккен асыл нар!
Қоңырауы даламның
О, Отырар, Отырар !



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтынбек

  • 0
  • 0

Нар еді ол! Елдің жүгін көтерген,
Қайсарлықпен шындық үшін от өрген.
Сескенбестен билігіңнен патшаңнан,
Әділетсіздікке Махамбеттей кектенген!

Толық

Қара нар

  • 0
  • 0

Ассалаумалейкум!
Мұнайдан өскен киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күй ме едің,
Сәлемдерін қарттарымның арқалап,

Толық

Нарынбай батыр үні

  • 0
  • 0

Кел ақыным жазған ерлік дастанын,
Аласұрып кеудеңдегі жас жаның.
Отан атты тарихыңның киелі,
Іздедіңбе туған жерден бастауын.

Толық

Қарап көріңіз