Өлең, жыр, ақындар

Өзбекәлі Жәнібеков

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2968
Ел сүйген асқақ сезім армандардай,
Жүрмедің қара бастың қамын ойлай.
Бабалар басып өткен іздерінен,
Қастерлеп саз балшықтан соқтың сырнай.
Бас болып әрдайымда ардақты іске,
Ата-салт қағидасын салып еске.
Жинадың мол мұрасын ата-жұрттың,
Күйі боп күмбірлеген ұлы көште!
Қорған боп бар күшіңмен Отаныңа,
Бәрінде жеткізсем-деп,ұрпағыңа.
Әйтеуір ұлтың үшін көз ілмедің,
Сескенбей жүзе біліп қарсы ағынға.
Бас имей зомбылықтың өткелінде,
Шарпылмай қызыл дауыл өрттеріне.
Ой салдың тектілікпен жалын құйып,
Дауылда қорқақ құстай үрпигенге!
Бар Алаш қадір тұтып бас иетін,
Ерекше болды өзіңдік қасиетің.
Жол тартып түп тамырдан келер күнге,
Жатқа айттың әулиелердің өсиетін!
Әрдайым таза болсаң ар алдында,
Тылсым күш қуат бермей тұра алдыма.
Халқыңды өзің сүйген сағындырып,
Айналдың Арыстан Баб шырағына!
Бауырым бара қалсаң дұғаңды оқы,
Алаштың асыл ұлы жатыр мұнда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйінқара

  • 0
  • 0

Сүйінқара! Сүйінқара!
Маған ыстық осы есім,
Ағылтқандай ерлік жырдың,
Емін еркін термесін.

Толық

Жалау Мыңбаев

  • 0
  • 0

Қилы заман қызыл тұман шағында,
Адай Ревком елдің бітіп бағына
Өрге сүйреп өжеттікпен нар халқын,
Қолын созған болашақтың таңына.

Толық

Тастемір әулие баба үні

  • 0
  • 0

Кең Жылой әуел бастан ел ырысы,
Мұнда бар ән менен күй, күн күлкісі.
Ой салар келер ұрпақ зердесіне.
Сан заман ғасырлардың жүгірісі.

Толық

Қарап көріңіз