Өлең, жыр, ақындар

Ажал биі

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1091
О, сұмдық – ай, неткен жауыз, бұл бұзық,
Түн ішінде,тұтқындарды тұрғызып.
Қуып шықты, қарлы құйын боранда,
Айтақтата айдап итін үргізіп.
Әлсіз дене, қу сүйекті жұлқылап,
Ысқырады ызғарлы жел бұрқырап.
Аяз қысқан, бала – шаға ,әйелдер,
Мұз үстінде, омақаса жүр құлап.
Қай – қайда да жыртқыштығын қоймаған,
Елді тонап, олжаларға тоймаған.
Сұм фашистер, бейнет шеккен аштарға,
Залымдығын істеп жатыр ойлаған.
Қу сүйекке терілері ілінген,
Аш адамдар, үрейі ұшқан өлімнен.
Ентігеді бір сүрініп,бір жылап,
Тісін қайрап, қызыл етке көрінген.
Кім ұмытар сол күндердің азабын,
Естіледі құлағыңа азалы үн.
Келер ұрпақ,жүрегіңе сақтай біл,
Сен ұқсын деп,қаныммен жыр жазамын.
Сақ – сақ күліп ажал биі басталған,
Түрме толы селкілдеген аштардан.
Солар келіп,көз алдымда тұрады,
Көрсем жерден, үзім нанды тасталған..
Нағыз ұстаз қайғы менен қара нан,
Соны есіңнен шығара көрме жан балам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бабалар салған жолменен

  • 0
  • 0

Уа, муза, ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені.
Жасынан жүрегі пәк өнер сүйген,
Талабы таудай ұлға ақ тілегі,

Толық

Төремұрат батыр баба үні

  • 0
  • 0

Таусылмайтын арман көп әр жүректе,
Ем жоқ екен, құлыным ажал дертке.
Кең Жылойдың бұйырмай топырағы,
Қалған жерім осы жер шөл үстірте.

Толық

Ақын үні

  • 0
  • 0

Мен өзіңнің кішкентай лағың едім,
Асыл әже, басыңа тағы келдім.
От кеудемде ұлы арман бұлқынады,
Ақтасам деп үмітін қалың елдің.

Толық

Қарап көріңіз