Өлең, жыр, ақындар

Көктемімнен кеш қалып

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1209
Сен жайлы ойлар таусылар емес мүлде,
Сағынышым төзімді сарқып бітер.
Күлкі күндер жоғалып, елес түн де,
Тек таңдар бар әл бітіп қалғып кетер.
Көз алдымда тұрасың кетпестей боп,
Бар әлемді өзіңе бағындырып.
Сосын ұшып биікке жетпестей боп,
Бейқам бұлттың баршасын қағындырып.
Жаңбыр жауып, ар жағы қарға ұласты,
Ағаштар да, үйлер де аппақ болып.
Сағынышым жаңбырмен салғыласты,
Кәрі мұңды ақ ұлпа жаппақ болып.
Арық қала ұйқысын қимағандай
Күзгі таңда созылып, керіледі.
Сәби үміт сәндісін сыйлағандай
Күннің нұры ақ таңға беріледі.
Сен жайлы ойлар өршиді, өліп қалмай,
Бала күнді ойдан тұл еске аламын.
Ғұмырымды ғасырдан бөліп алмай,
Көктемімнен бір келер кеш қаламын.
* * *
Шаршадым, қалғыдым,
Сергітер серік жоқ сәттерде.
Аңсадым,
бал күнім
Шәкірттік дәптерде.
Аһ ұрдым.
Көзімді
сүртуге шамам жоқ ақ таңда.
Шақырдым
өзімді
Анам бар жақтарға.
Иілдім
еріксіз,
Өлгенім жақсы еді-ау, құламай.
Күйіндім,
серіксіз,
Тістеніп жыламай.
Керілді
келіннің
кірпігі секілді мұңдарым.
Жеңілдім, берілдім,
Тек жүрек тыңдарым.
Бақыттан шошындым
Күлкісін аз жанға оқтайтын.
Тосылдым
уақыттан
Керуендей бір күні тоқтаймын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныштан сабылысқан

  • 0
  • 0

Сағыныштан сабылысқан,
Жазымыштан тағы қысқан
Қажыдым.
Сен кетсең де түнгі қалды із,

Толық

Арманды іздеуден шаршадым

  • 0
  • 0

Арманды іздеуден шаршадым,
Қырандар көкке іліп әкеткен.
Естайдай бірсүйер жар – сағым,
Қалғаны сезімді кекеткен.

Толық

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды

  • 0
  • 0

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды,
Кешірдім менсіз жатқан түніңді де.
Несіне айта берем жанда мұңды?
Сен – мендік, мен – сендікпін бүгінгіде.

Толық

Қарап көріңіз