Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз бөлме

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 972
Жалғыз бөлме.
Қараша.
Қап-қара әлем.
Қайырымы Алланың өртенді ме?
«Кеп қалар» – деп есікті жаппаған ем,
Терезені қымтарсың,
Көрпемді де.
Қап-қараңғы көше ұзын тірлігімдей,
Таусылғандай сұр ауа, демім бітіп.
Шабытым да менсінбей жүр бүгінде,
Өлең түгіл су ішпей сені күтіп.
Адам келсе, шәуілдер күшік те жоқ,
Сағат тоқтап, үзілген байланыстар.
Көзім жұмық, қабынып жүрек те көп,
Күн батады, кеш оны қалай ұстар?
Сынық үстел,
Тас төсек – бар тұрағым.
Сен секілді көктем де кешікті, қап?!
Бөлме тоңып,
Мен-дағы қалтырадым.
Есікті жап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шақырасың қай жаққа?

  • 0
  • 0

Сырқат сезім суық жер жастанса да,
Елеңдемей үйіме қайта алмаймын.
Жыртығынан жанымның қан тамса да,
«Жек көрем» деп мен бірақ айта алмаймын.

Толық

Арманымның асырардай шоқтығын

  • 0
  • 0

Арманымның асырардай шоқтығын,
Арып-ашып күн кешемін.
Далбаса.
Бұл өмірде ештеңем де жоқ, күнім,

Толық

Ұмыта алмай бір жанды

  • 0
  • 0

Қалтырайды көктемге терек жетпей,
Айбынды аяз қалада қыдырады.
Мен отырам ешкімді керек етпей,
Тек ән салса болғаны Қыдырәлі.

Толық

Қарап көріңіз