Өлең, жыр, ақындар

Ұмыта алмай бір жанды

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1198
Қалтырайды көктемге терек жетпей,
Айбынды аяз қалада қыдырады.
Мен отырам ешкімді керек етпей,
Тек ән салса болғаны Қыдырәлі.
Басым да бос, бостандық несібе ме,
Нәзік көңіл көкке ұшар қанатында.
Ерке қызды қинап қыс есіре ме,
Жүрек зорға тірінің санатында.
Төркінінен мейірім жоғалады,
Пенделердің несі бар жер үстінде?
Сезімдер ме? Оны алдап көкала ғып,
Соңғы үміті өлтірген теріс түнде.
Шылымдардың түтіні ауаны улап,
Шараптардың шаттығы ойды бұзған,
Мен түк таппай көзімді алам сулап,
Есепке алмай думанды, тойды қызған.
Жер бетінде не қалды ұрпақ алар,
Жайлап алған жауыздық қасы кеткен.
Қара қарға құптаған сұр бақ қалар,
Сосын кәрі қарағай жасы жеткен.
Шымылдығы бақыттың ашылмаған,
Менің жырым жүректі жылыта алмай,
Ләззатын қара түн жасырмаған
Мен жүремін бір жанды ұмыта алмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сегіз аяқтың ізімен...

  • 0
  • 0

...Анадан алтау,
Атадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,

Толық

Ана

  • 0
  • 1

Ана!!!!
Сен деген
Ең ұлы адамсың.
Жеңбеген

Толық

Бақыт боп жарыта қоймадың

  • 0
  • 0

Бақыт боп жарыта қоймадың,
Туылған шығарсың мұңыма?
Озар ма ойларға тоймадым,
Мән бере қоймассың жырыма.

Толық

Қарап көріңіз